Екiншi деңгейдегі банктердiң берген білім беру кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлiк қоғамының кепiлдiк беру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 745 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 21.02.2012 № 248 Қаулысымен (07.04.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi)
Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2008 № 389 Қаулысымен (30.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Екiншi деңгейдегi банктердiң берген білім беру кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлiк қоғамының кепiлдiк беру ережесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2008 № 389 Қаулысымен (30.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Екінші деңгейдегі банктердiң берген білім беру кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлiк қоғамының кепілдiк беру ережесi
Ереженің тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2008 № 389 Қаулысымен (30.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1. Осы Екiншi деңгейдегi банктердiң берген білім беру кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлiк қоғамының кепiлдiк беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Мемлекет Басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауына сәйкес әзiрлендi және екiншi деңгейдегі банктердiң беретiн білім беру кредиттеріне (бұдан әрi - кредит) "Қаржы орталығы" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қаржы орталығы) кепiлдiк беру тәртiбiн реттейдi.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2008 № 389 Қаулысымен (30.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
2. Ереже кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын төмендетуге, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қол жеткiзудi қамтамасыз етуге, кредит шарттары бойынша қарыз алушылардың мiндеттемелердi орындамауына байланысты кредиторлардың тәуекелiн төмендетуге, берілетiн кредиттер көлемiн ұлғайту үшiн қолайлы жағдайлар қалыптастыруға, қарыз алушылар ауқымын кеңейтуге мүмкiндiк беретiн жүйенi құру мақсатында әзiрлендi.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2008 № 389 Қаулысымен (30.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
2) кепiлдiктi мiндеттеме - Қаржы орталығының кредитор алдында бас келiсiмде көзделген тәртіппен және шарттарда айқындалған кепiлдiктер мөлшерi шегiнде кредит шарты бойынша қарыз алушының мiндеттемелердi орындағаны үшін жауап беру мiндеттемесi;
3) бас келiсiм - кредитор мен Қаржы орталығының арасында жасалған, олардың кредиттерге кепiлдiк беру жөнiндегi өзара қарым-қатынас жасау тәртiбiн белгiлейтiн шарт;
4) дефолт - қарыз алушының кредит шарты бойынша мiндеттемелердi орындамауы, соның нәтижесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепiлдiкте мiндеттемелердi орындау рәсiмi басталады;
7) кредитор - қарыз операцияларын жүргiзуге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегі уәкiлетті органның лицензиясы бар екiншi деңгейдегі банк;
8) кепілдік беру жоспары - Қаржы орталығының Директорлар кеңесі бекіткен кепілдік беру шарттары.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2006. № 619, 25 (19.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).04.2008 № 389 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 07.04.2011 № 395 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
8. Қаржы орталығымен бас келiсiмдi жасасу үшiн кредитор Қаржы орталығы бекiткен нысан бойынша қол қойылған және мөрмен куәландырған өтiнiш бередi. Өтінішке кредитор Қаржы орталығы бекiткен және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тiзбеге сәйкес құжаттарды қоса бередi.
10. Қаржы орталығы Ереженiң 8-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынбаған немесе оларды тиiстi үлгiде ресiмдемей ұсынған жағдайда кредитордың өтiнiшiн қараудан бас тартады.
2) кредитордың Қаржы орталығын кредит шарты бойынша қарыз алушының мiндеттемелерін орындауға, кредит шартында көзделген қарыз алушының сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайларының басталуына байланысты кредит шартының тоқтатылғаны туралы уақтылы хабардар ету;
4) кредитордың Қаржы орталығына кепілдiк берілген кредиттер бойынша талап ету құқығын беру кезiнде жазбаша хабардар ету туралы ережелердi қамтуы тиiс.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.04.2011 № 395 Қаулысымен (25.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
15. Бас келiсiм жасасқан кредитор Қаржы орталығы кепiлдiк берген кредитті алуға әлеуетті қарыз алушы оған өтiнiш бiлдiргеннен кейiн ол бекiткен нысан бойынша Қаржы орталығына кредитке кепiлдiк беруге өтінiм жiбередi.
16. Қаржы орталығы кредитордың өтiнiшiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың Қаржы орталығының талаптарына сәйкестiгiн қарайды және кредиторға қол қойылған және мөрмен куәландырылған кепiлдiк беру мiндеттемесiн бір данада не кепiлдiк беруден дәлелдi бас тартуды жiбередi.
Кепілдікті міндеттемелер Қаржы орталығының Директорлар кеңесі бекіткен кепілдік беру көлемі шегінде беріледі.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2006 № 619, 07 (19.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).04.2011 № 395 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 07.04.2011 № 395 Қаулысымен (25.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
17-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2006 № 619, 07 (19.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).04.2011 № 395 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
18. Кредитор Қаржы орталығы қол қойған және мөрмен куәландырған кепiлдiк беру мiндеттемелерін алғаннан кейiн кредитор мен қарыз алушы кредит шартын жасасады.
Кепiлдiк беру мiндеттемесi кредит шартын жасасқан күннен бастап қолданысқа енгiзіледi.
18-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.04.2011 № 395 Қаулысымен (25.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
19. Дефолт туындаған кезде кредитор бас келiсiмде белгiленген тәртiппен қарыз алушының негiзгi мiндеттемелердi орындамағаны туралы Қаржы орталығын хабардар етедi.
20. Кредитор бас келiсiмде белгіленген тәртiппен төлем құжаттарын және кредит бойынша құжаттарды қоса бере отырып, кепілдiк сомасын төлеудi талап ететiн құжатты ұсынады.
21. Кредитті беру кезiнде кредитор талаптарға сәйкес келетiн андеррайтингіні өткiзген жағдайда Қаржы орталығы белгiленген мөлшер шегiнде кепiлдiк сомасын төлейдi.
21-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.04.2011 № 395 Қаулысымен (25.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
22. Барлық төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында (төленетiн күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағамы бойынша) жүзеге асырылады.
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде және бас келiсiмде көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
25-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.04.2011 № 395 Қаулысымен (25.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
27. Кепілдік беру жоспары қайта қаралған жағдайда жаңа шарттар жаңадан кепілдік берілетін кредиттерге қолданылады.
27-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 25.04.2008 № 389 (30.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)