Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1467 Қаулысы       
Редакция 30.12.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Жоспарда белгіленген айдың 1-күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда белгіленген айдың 20-күнінен кешіктірмей ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 1467 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспары
жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.01.2011 № 58, 23.05.2011 № 561, 25.07.2011 № 853, 31.08.2011 № 985, 13.10.2011 № 1163, 28.10.2011 № 1214, 01.11.2011 № 1266, 05.12.2011 № 1449, 09.12.2011 № 1508, 29.12.2011 № 1635, 30.12.2011 № 1690, 30.12.2011 № 1701, 30.12.2011 № 1725 Қаулыларымен. (30.12.2010 жылғы редакцияны қараңыз)

р/с
Заң жобасының атауы Әзірлеуші мемлекеттік орган Ұсыну мерзімі Заң жобаларын сапалы әзірлеу және уақтылы енгізу үшін жауапты тұлға
Әділетмині Үкімет Парламент
1 2 3 4 5 6 7
1. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҚА Қаңтар Ақпан Наурыз Б.А. Парсегов
2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.01.31 № 58 Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Еңбекмині Қаңтар Ақпан Сәуір Ә.Б. Нүсіпова
4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді актілер деңгейінде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділетмині Ақпан Наурыз Мамыр Д.Р. Құсдәулетов
5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.25 № 853 Қаулысымен.
6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.25 № 853 Қаулысымен.
7. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҰБ (келісім бойынша) Наурыз Сәуір Маусым Д.Т. Ақышев
8. 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қаржымині Тамыз Тамыз Тамыз Л.М. Кармазина
9. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ИЖТМ Сәуір Маусым Қыркүйек Д.Н. Тұрғанов
9-1. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы ИЖТМ Наурыз Шілде Қыркүйек Н.Қ.
Әбдібеков
9-2. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ИЖТМ Наурыз Шілде Қыркүйек Н.Қ.
Әбдібеков
10. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҒМ Маусым Шілде Қыркүйек М.Н. Сарыбеков
11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 N 985 Қаулысымен.
12. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 N 985 Қаулысымен.
13. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 N 985 Қаулысымен.
14. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ИЖТМ Маусым Шілде Қыркүйек Н.Қ Әбдібеков
15. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділетмині Маусым Шілде Қыркүйек Ә.Т. Аманбаев
16. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділетмині Маусым Шілде Қыркүйек Д.Р. Құсдәулетов
17. Телерадио хабарларын тарату туралы БАМ Наурыз Маусым Қазан Н.Н. Оразов
18. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БАМ Наурыз Маусым Қазан Н.Н. Оразов
19. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1266 Қаулысымен.
20. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1266 Қаулысымен.
21. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 N 985 Қаулысымен.
22. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 N 1725 Қаулыларымен.
23. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 N 1725 Қаулыларымен.
24. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.10.28 N 1214 Қаулысымен.
25. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ЖС
(келісім бойынша)
Шілде Қыркүйек Қараша А.Д. Тәшенова
26. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ЖС
(келісім бойынша)
Шілде Қыркүйек Қараша А.Д. Тәшенова
27. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне толықтырулар енгізу туралы ЖС (келісім бойынша) Шілде Қыркүйек Қараша А.Д. Тәшенова
28. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.05 N 1449 Қаулысымен.
29. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шифрлық байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҰҚК
(келісім бойынша)
Тамыз Қыркүйек Қараша Ғ.К. Әмірин
29-1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 N 1701 Қаулыларымен.
29-2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 N 1701 Қаулыларымен.
30. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.09 N 1508 Қаулысымен.
31. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы ІІМ Тамыз Қазан Желтоқсан А.Ж. Күреңбеков
32. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ІІМ Тамыз Қазан Желтоқсан А.Ж. Күреңбеков
33. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 N 1690 Қаулысымен.
34. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қорғанысмині Қыркүйек Қазан Желтоқсан Ә.Қ. Құрманғалиев
35. Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Қорғанысмині Қыркүйек Қазан Желтоқсан С.Н. Громов
36. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 N 1635 Қаулысымен.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік      қорғау министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Полная версия
ИС BestProfi