"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2018
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес
Редакция 12.05.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіле Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекітілген
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі — білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Білім беру ұйымдарына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.
2. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі. Құжаттарды қабылдауды және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру
2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Білім беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.
Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
6. Білім беру ұйымдары қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.
7. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай және кешкі оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе білім беру ұйымының интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.
8. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында;
2) бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
9. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3x4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын - босқынның куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман - оралман куәлігі.
Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
Кешенді тестілеу сертификатынКешенді тестілеу сертификатынКешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
10. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және:
10-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі.
4-тармақшаның екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалады.
11. Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар білім беру ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша өткізілетін арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырады.
Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған немесе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді.
12-тармақта көрсетілген негізгі орта, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының нысанын, тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды білім беру ұйымы белгілейді.
12. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандар 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.
12-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.
12-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді;
тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;
2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: "3" - 8 балл, "4" - 17 балл, "5" - 25 баллдарға ауыстырады.
13. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.
Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.
Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.
14. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
3. Білім алушылар құрамына қабылдау
15. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізінде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс: ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде; пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 баллдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 баллдан кем;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 баллдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 баллдан кем жинағандар жіберілмейді.
Конкурстың шарттары білім алу құқықтарының сақталуына кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті әрі техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
15-тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
15-тармақтың алтыншы бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) күндізгі оқу нысанына - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалар, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.
15-тармақтың жетінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16. Білім беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына қосымша
Қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (19.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі
Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды | Мамандықтың атауы | Бейіндік пән атауы | |
Негізгі орта білім (жалпы негізгі) | Орта білім (жалпы орта) | ||
0100000 - Білім | |||
0101000 | Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу | Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) | Биология |
0102000 | Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша) | Биология | Биология |
0103000 | Дене тәрбиесі және спорт | 1 шығармашылық емтихан | 1 шығармашылық емтихан |
0104000 | Кәсіптік білім беру (салалар бойынша) | Математика | Математика |
0105000 | Бастауыш білім беру* | Математика | Математика |
0106000 | Бейнелеу өнері және сызу | 1 шығармашылық емтихан | 1 шығармашылық емтихан |
0107000 | Технология | 1 шығармашылық емтихан | 1 шығармашылық емтихан |
0108000 | Музыкалық білім беру | 1 шығармашылық емтихан | 1 шығармашылық емтихан |
0109000 | Өмір сүру қауіпсіздігі және валеология | Биология | Биология |
0110000 | Білім ұйымдарындағы лаборант | Биология | Биология |
0111000 | Негізгі орта білім беру* | Математика | Математика |
0200000 - Құқық | |||
0201000 | Құқықтану | Құқық негіздері | Дүние жүзі тарихы |
0202000 | Құқық қорғау қызметі | Қазақстан тарихы | Дүние жүзі тарихы |
0203000 | Патенттану | Құқық негіздері | Дүние жүзі тарихы |
0300000 - Медицина, фармацевтика | |||
0301000 | Емдеу ісі | Биология | Биология |
0302000 | Медбикелік іс | Биология | Биология |
0303000 | Гигиена және эпидемиология | Биология | Биология |
0304000 | Стоматология | Биология | Биология |
0305000 | Зертханалық диагностика | Биология | Биология |
0306000 | Фармация | Химия | Химия |
0307000 | Ортопедиялық стоматология | Биология | Биология |
0308000 | Медициналық оптика | Биология | Биология |
0400000 - Өнер және мәдениет | |||
0401000 | Кітапхана ісі | Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) | Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) |
0402000 | Дизайн (бейін бойынша) | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0403000 | Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы (бейін бойынша) | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0404000 | Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0405000 | Хор дирижері | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0406000 | Музыка теориясы | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0407000 | Ән салу | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0408000 | Хореография өнері | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0409000 | Актерлік өнер | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0410000 | Цирк өнері | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0411000 | Театр-декорация өнері (бейін бойынша) | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0412000 | Кескіндеу, мүсін және графика (түрлері бойынша) | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0413000 | Сәнді-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша) | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0414000 | Қайта қалпына келтіріп жөндеу (салалар бойынша) | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0415000 | Зергерлік іс (салалары бойынша) | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару | |||
0501000 | Әлеуметтік жұмыс | Қазақстан тарихы | Дүние жүзі тарихы |
0502000 | Телекоммуникациялық құралдармен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) | Математика | Физика |
0503000 | Cлесарлық іс | Физика | Физика |
0504000 | Бұйымдарды химиялық тазалау және бояу | Химия | Химия |
0505000 | Фото ісі | Химия | Химия |
0506000 | Шаштараз өнері және сәндік косметика | Химия | Химия |
0507000 | Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру | Математика | Математика |
0508000 | Тамақтандыруды ұйымдастыру | Математика | Математика |
0509000 | Аяқ киім ісі | Математика | Математика |
0510000 | Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары және қолдану аясы бойынша) | Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) | Қазақ және орыс тілдері |
0511000 | Туризм (салалары бойынша) | География | География |
0512000 | Аудармашы ісі (түрлері бойынша) | Шетел тілі | Шетел тілі |
0513000 | Маркетинг (салалар бойынша) | Математика | Математика |
0514000 | Бағалау (салалар және қолдану аясы бойынша) | Математика | Математика |
0515000 | Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша) | Математика | Математика |
0516000 | Қаржы (салалар бойынша) | Математика | Математика |
0517000 | Статистика | Математика | Математика |
0518000 | Есеп және аудит (салалар бойынша) | Математика | Математика |
0519000 | Экономика (салалар бойынша) | Математика | Математика |
0600000 - Метрология, стандарттау және сертификаттау | |||
0601000 | Метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) | Математика | Математика |
0602000 | Сапаны бақылау (салалар бойынша) | Математика | Математика |
0700000 - Геология, тау-кен өнеркәсібі және пайдалы қазбаларды өндіру | |||
0701000 | Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу және барлау (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
0702000 | Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы | Математика | Математика |
0703000 | Гидрогеология және инженерлік геология | Математика | Математика |
0704000 | Пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері | Математика | Математика |
0705000 | Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу | Математика | Математика |
0706000 | Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу | Математика | Математика |
0707000 | Тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу | Математика | Математика |
0708000 | Пайдалы қазбаларды байыту (көмірмен байыту) | Математика | Математика |
0709000 | Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту) | Математика | Математика |
0710000 | Ашық кеніштің электр-механикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу | Математика | Математика |
0711000 | Маркшейдерлік іс | Математика | Математика |
0712000 | Жер асты құбырларының құрылысы | Математика | Математика |
0713000 | Геодезия және картография | Математика | Математика |
0800000 - Мұнай-газ және химия өндірісі | |||
0801000 | Мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша) | Математика | Математика |
0802000 | Мұнай-газ құбырлары мен мұнай газ қоймаларының құрылысы және оларды пайдалану | Физика | Физика |
0803000 | Компрессорлық станциялар мен жерасты құбырларының электр жүйесін жөндеу және қызмет көрсету | Математика | Математика |
0804000 | Технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждау | Математика | Математика |
0805000 | Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау | Математика | Математика |
0806000 | Ұңғымаларды мұнай мен газға сынау | Физика | Математика |
0807000 | Мұнай және газ кәсіпшілігінің техникалық жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету | Математика | Математика |
0808000 | Мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
0809000 | Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша) | Математика | Математика |
0811000 | Мұнай-газ және жанар май құю станцияларының құрылыстары мен оларды пайдалану | Математика | Математика |
0811000 | Химиялық талшықтар өндірісі | Химия | Химия |
0812000 | Резина-техника өндірісі | Химия | Химия |
0813000 | Шина өндірісі және вулканизация процесі | Химия | Химия |
0814000 | Полимер технологиясының өндірісі | Химия | Химия |
0815000 | Тұтқыр және сусымалы материалдардың химиялық өндірісінің машиналары мен жабдықтарын пайдалану | Химия | Химия |
0816000 | Химиялық технология және өндіріс (бейіні бойынша) | Химия | Химия |
0817000 | Кокс-химия өндірісі | Химия | Химия |
0818000 | Химиялық өндіріс технологиясы (бейіні бойынша) | Химия | Химия |
081900 | Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы | Химия | Химия |
0820000 | Изотоптарды бөлу технологиясы мен вакуумдық техника | Химия | Химия |
0821000 | Экологиялық қондырғыларды пайдалану және оларға қызмет көрсету | Математика | Физика |
0822000 | Шыны-талшық пен шыны бұйымдары өндірісі | Химия | Химия |
0823000 | Фарфор және фаянс бұйымдарын жасау | Химия | Химия |
0824000 | Керамикалық өндіріс | Химия | Химия |
0825000 | Әрлеу өндірісі (бейіні бойынша) | Химия | Химия |
0826000 | Тері мен үлдірді химиялық өңдеу | Химия | Химия |
0900000 - Энергетика | |||
0901000 | Электр станциялары мен желілерінің (түрлері бойынша) электр жабдықтары | Математика | Математика |
0902000 | Электрмен жабдықтау (салалары бойынша) | Математика | Математика |
0903000 | Электр энергетикасы (салалары бойынша) | Математика | Математика |
0904000 | Темір жол электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу | Математика | Математика |
0905000 | Энергетикалық көлік қондырғысын пайдалану (көлік түрлері бойынша) | Математика | Математика |
0906000 | Жылу-электр станцияларының қазандық, жылы энергетикалық, жылу өңдеуші қондырғылары | Математика | Математика |
0907000 | Техникалық жылу жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
0908000 | Электр станцияларында су, отын және майлау материалдары технологиясы | Математика | Математика |
0909000 | Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар | Математика | Математика |
0910000 | Электрлік және электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша) | Математика | Физика |
0911000 | Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша) | Математика | Физика |
0912000 | Электротехнология (түрлері бойынша) | Математика | Физика |
1000000 - Металлургия және машина жасау | |||
1001000 | Доменді пештерге қызмет көрсету және оларды жөндеу | Математика | Математика |
1002000 | Қара металл металлургиясы (түрлері бойынша) | Математика | Химия |
1003000 | Түсті металлдар металлургиясы | Математика | Химия |
1004000 | Құю өндірісі | Математика | Математика |
1005000 | Болаттарды пештен тыс өңдеу | Математика | Математика |
1006000 | Металл өңдеу (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1007000 | Отқа төзімді заттар өндірісі | Математика | Физика |
1008000 | Композициялық және ұнтақты материалдар, жабындар | Математика | Химия |
1009000 | Прокаттау өндірісі | Математика | Математика |
1010000 | Құбыр өндірісі | Математика | Физика |
1011000 | Автоматтық тізбектер және агрегаттық станоктар | Математика | Математика |
1012000 | Икемді автоматтық тізбектер | Математика | Математика |
1013000 | Механикалық өңдеу, бақылау-өлшеу аспаптары және машина жасаудағы автоматика | Математика | Математика |
1014000 | Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1015000 | Машина жасаудағы монтаж және автомобильдерді сынау | Математика | Математика |
1100000 - Көлік (салалары бойынша) | |||
1101000 | Ұшу аппараттарының өндірісі | Математика | Физика |
1102000 | Авиациялық аспаптар өндірісі | Математика | Физика |
1103000 | Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету | Математика | Математика |
1104000 | Теңіз техникасын электр-радио монтаждаушы | Математика | Математика |
1105000 | Қала электр көліктерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу (салалар бойынша) | Математика | Математика |
1106000 | Темір жол жылжымалы құрамының өндірісі (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1107000 | Көтергіш көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (салалары бойынша) | Математика | Математика |
1108000 | Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1109000 | Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1110000 | Жүк көтергіш машиналар және транспортерлер | Математика | Математика |
1111000 | Ұсталық тығыздау жабдықтары | Математика | Математика |
1112000 | Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану | Математика | Математика |
1113000 | Металлургиядағы машиналар және жабдықтар | Математика | Математика |
1114000 | Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1115000 | Өндірістердегі электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1116000 | Геология барлау жабдықтары | Математика | Математика |
1117000 | Электроникалық техника өндірісіне арналған жабдықтар | Математика | Физика |
1118000 | Тамақ, сауда және ет өнеркәсібінің өндіріс жабдықтары | Математика | Математика |
1119000 | Тоңазытқыш-компрессор машиналары және қондырғылары | Математика | Математика |
1120000 | Технологиялық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1121000 | Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу | Математика | Математика |
1122000 | Әскери іс және қауіпсіздік | Математика | Математика |
1200000 - Өндіру, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) | |||
Көлікті пайдалану | |||
1201000 | Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | Математика | Математика |
1202000 | Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша) | Математика | Математика |
1203000 | Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | Математика | Математика |
1204000 | Су көлігін пайдалану (бейіні бойынша) | Математика | Физика |
1205000 | Әуе көліктерінің қозғалысын басқару және пайдалану | Математика | Математика |
1206000 | Жол қозғалысын ұйымдастыру | Математика | Математика |
1207000 | Талшықты материалдарды өңдеу технологиясы | Математика | Математика |
1208000 | Иіру және тұту өндірісінің технологиясы (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1209000 | Тоқыма өндірісі (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1210000 | Мата емес тоқыма материалдар өндірісінің технологиясы | Математика | Математика |
1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу | Математика | Математика |
1212000 | Аяқ киім өндірісі (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1213000 | Аң терісі мен қой терісі бұйымдары өндірісінің технологиясы | Математика | Математика |
1214000 | Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдары | Математика | Математика |
1215000 | Жеңіл өнеркәсіпті ұйымдастыру жабдықтары | Биология | Химия |
1216000 | Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі | Биология | Химия |
1217000 | Темекі өндірісі | Биология | Химия |
1218000 | Азық-түлік өндірісі | Математика | Физика |
1219000 | Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі | Химия | Химия |
1220000 | Қант өндірісі | Химия | Химия |
1221000 | Балық өндірісі | Биология | Химия |
1222000 | Консервілер және тағам концентраттары өндірісі | Химия | Химия |
1223000 | Сыра, алкогольсіз және спиртті ішімдіктер өндірісі | Химия | Химия |
1224000 | Сүт тағамдарының өндірісі | Химия | Химия |
1225000 | Ет және ет тағамдарының өндірісі (түрлері бойынша) | Химия | Химия |
1226000 | Тамақтандыру кәсіпорындарының өнімдерін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру | Биология | Химия |
1227000 | Баспа өндірісі | Математика | Математика |
1228000 | Кәбіл өндірісі | Математика | Физика |
1229000 | Құрал жасау (салалары бойынша) | Математика | Математика |
1230000 | Тоңмай және тоңмай алмастырғыштар технологиясы | Биология | Химия |
1300000 - Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология Электрондық техника | |||
1301000 | Электорондық аспаптар және құрылғылар | Математика | Физика |
1302000 | Автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша) | Математика | Математика |
1303000 | Автоматика, телемеханика және темір жол көлігінде қозғалысты басқару | Математика | Математика |
1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1305000 | Ақпараттық жүйелер (қолданылу саласы бойынша) | Математика | Математика |
1306000 | Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) | Математика | Физика |
1307000 | Электр байланысы мен сымдық таратудың желілік құрылыстарын пайдалану | Математика | Физика |
1308000 | Автоматтандырылған байланыс жүйелерін пайдалану | Математика | Физика |
1309000 | Оптикалық және электрондық жабдық (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1310000 | Көліктік (көлік түрлері бойынша) радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану | Математика | Математика |
1311000 | Темір жол көлігінің жедел технологиялық байланысының құрылғыларын пайдалану | Математика | Математика |
1400000 - Құрылыс және коммуналдық шаруашылық | |||
1401000 | Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану | Математика | Математика |
1402000 | Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1403000 | Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1404000 | Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазартқыш құрылыстары | Математика | Математика |
1405000 | Газбен жабдықтау жабдықтары мен жүйелерін монтаждау және пайдалану | Математика | Математика |
1406000 | Магистралдық жергілікті және желілік құбырларды монтаждау | Математика | Математика |
1407000 | Гидротехникалық құрылыс | Математика | Математика |
1408000 | Қалалық қатынас жолдарын салу және пайдалану | Математика | Математика |
1409000 | Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы | Математика | Математика |
1410000 | Автомобиль жолдарын және әуеайлақтарды салу | Математика | Математика |
1411000 | Көпірлер мен көлік тоннелдері | Математика | Математика |
1412000 | Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі | Математика | Математика |
1413000 | Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1414000 | Жиhаз өндірісі (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1415000 | Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1416000 | Қалдықтарды қайта өңдеу | Математика | Химия |
1417000 | Азаматтық ғимараттар интерьерінің дизайны, оларды қалпына келтіру, қайта жаңарту | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
1418000 | Сәулет | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
1500000 - Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология | |||
1501000 | Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу | Математика | Математика |
1502000 | Агрономия | Биология | Биология |
1503000 | Өсімдік шаруашылығы | Биология | Биология |
1504000 | Фермер қожалығы (бейіні бойынша) | Биология | Биология |
1505000 | Балық шаруашылығы (түрлері бойынша) | Биология | Биология |
1506000 | Аңшылық және аң өсіру | Биология | Биология |
1507000 | Балара өсіру және жібек шаруашылығы | Биология | Биология |
1508000 | Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша) | Математика | Химия |
1509000 | Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша) | Математика | Химия |
1510000 | Ауыл шаруашылығын механикаландыру | Математика | Математика |
1511000 | Жерге орналастыру | Математика | Математика |
1512000 | Зоотехния | Биология | Биология |
1513000 | Ветеринария | Биология | Биология |
1514000 | Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану (салалары бойынша) | Математика | Химия |
1515000 | Гидрология және метеорология | География | География |
1516000 | Өрт қауіпсіздігі | Математика | Физика |
1517000 | Төтенше жағдайларда қорғау (бейіні бойынша) | Математика | Физика |
1518000 | Ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру | Математика | Математика |
Ескертпе*: бейіндік пәннің атауын білім беру ұйымы берілетін мамандық бойынша біліктілігіне байланысты анықтайды.
Полная версия