"Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 21.08.2020
Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.08.2020 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (04.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 24.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері бекiтiлсiн.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (04.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысымен бекiтiлген
Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері
Ереже өзгертілді ҚР 30.05.2013 жылғы № 550 қаулысымен (14.09.2012 ж. редакциясын қараңыз) Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (04.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (04.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (04.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.04.2016 жылғы № 215 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (04.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) әлеуметтiк аударымдар – өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер;
3) әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек – есептелген және мерзімінде аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;
4) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесi – әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 08.05.2019 жылғы № 263 Қаулысына сәйкес 5-тармақша жаңа редакцияда әрекет етеді. Мәтінді ##көрсету@@
5) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – Заңда белгіленген тәртіппен әлеуметтiк аударымдарды есептеуді және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсiпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.05.2019 жылғы № 263 Қаулысына сәйкес (09.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2024 ж. дейін әрекет етеді)
6) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – қор) – асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерiн – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне әлеуметтiк аударымдар жүргізілген және өздеріне қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргiзетiн заңды тұлға;
6-1) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;
1-тармақ 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.05.2019 жылғы № 263 Қаулысына сәйкес (өзгерту 24.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
7) мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;
Полная версия