Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Кодексі
Құжат мәтініндегі «ауылдың (селоның)», «ауылдық (селолық)», «ауылдарда (селоларда)» сөздері «ауылдың», «ауылдық», «ауылдарда» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңымен (02.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап құжат мәтініндегі «ставкасы», «ставкаларының», «ставкаларын», «ставкасынан», «ставкасымен» сөздері «мөлшерлемесі», «мөлшерлемелерінің», «мөлшерлемелерін», «мөлшерлемесінен», «мөлшерлемесімен» сөздерімен; «проценттік», «проценті», «процент», «процентінен», «проценттен», «процентпен», «проценттер», «процентіне», «процентті» сөздері «пайыздық», «пайызы», «пайыз», «пайызынан», «пайыздан», «пайызбен», «пайыздар», «пайызына», «пайызды» сөздерімен; «аффилиирленген» сөзі «үлестес» сөзімен ауыстырылды ҚР 28.11.2014 жылғы № 257-V Заңы бойынша
Редакция 21.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-бөлім. БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 20.12.2021 жылғы № 83-VII Заңымен (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз (өзгерту 31.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сот жүйесін қаржыландыру ерекшеліктері «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында реттеледі.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.
2-1. Осы Кодекстің ережелері «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында реттелмеген бөлігінде сот жүйесін қаржыландыруға қолданылады.
2-бап 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР 20.12.2021 жылғы № 83-VII Заңына сәйкес (өзгерту 31.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден кезекті қаржы жылына ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары бойынша республикалық бюджет туралы заңға (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне) қосымшалардың қолданысы келесі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің) қолданысқа енгізілуімен күшін жоятын болады.
4. Республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2-1-бап. Блоктық бюджет
1-тарау 2-1-баппен толықтырылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Блоктық бюджет – әкімшіге шығыстар лимиттеріне сәйкес белгіленген блок шегінде нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бюджет қаражатын дербес бекітуге, қайта бөлуге және толық пайдалануға өкілеттік берілетін бюджет процесін басқару тәсілі.
2. Блоктық бюджетті енгізу және оның жұмыс істеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Полная версия