Близость слов: Окончание:





Тұрғын үй қатынастары туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94-1 Заңы
Құжат мәтініндегі "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - VІ" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен  ауыстырылды ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңы бойынша (09.07.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «тұрғын жай» сөздері «тұрғынжай» сөзімен ауыстырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 270-V Заңы бойынша (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылғы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «оралман» деген сөздер «қандас» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327-VI Заңына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 04.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы
1-бап өзгертілді ҚР 22.07.2011 жылғы № 479-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен:
1) тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне;
2) пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды пайдалану құқығының жүзеге асырылуына және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді алуға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша өзгертілді ҚР 15.03.2023 № 207-VII Заңымен (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жеке және көппәтерлі тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;
5) азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттiк органдардың бақылауына;
6) арнаулы мемлекеттік органдардың, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері жəне əскери қызметшілер қатысатын тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктеріне байланысты қатынастарды реттейді.
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (18.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-тармақша өзгертілді ҚР 06.10.2020 жылғы № 365-VI Заңымен (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша өзгертілді ҚР 01.04.2021 жылғы № 26-VII Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары осы Заңмен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар осы Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, тиiстi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
4. Қонақүйлерде, пансионаттарда, интернаттарда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) және ұқсас мақсаттағы басқа да объектілерде тұру (болу) Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (03.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Осы Заңда реттелген құқықтық қатынастарға, егер пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі мемлекет қатысатын ұйым болған жағдайда, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші мынадай бөліктерде:
1-бап 5-тармақпен толықтырылды ҚР 15.03.2023 № 207-VII Заңына сәйкес (өзгерту 16.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
жылдық сметада көзделген кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар бойынша жарналар бөлігінде;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтау жарналары бөлігінде;
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасында көзделмеген іс-шараларға ақы төлеу үшін нысаналы жарналар бөлігінде қолданылмайды.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2025 жылдың 24 мамырдан бастап ҚР 22.11.2024 жылғы № 138-VIII Заңына сәйкес 77 және 78-баптар келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін ##көрсету@@ 
77-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру туралы шешiм
77-бап өзгертілді ҚР 07.07.2006 жылғы № 182 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
77-бап өзгертілді ҚР 27.06.2011 жылғы № 444-IV Заңымен (25.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, тұрғын үй комиссиясы шешімінің негізінде, өтініш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен берiледi.
2. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй комиссиясының тұрғын үй беру туралы шешімінің және үш данада жасалатын тұрғын үйді жалдау шартының негізінде берiледi. Тұрғын үйді жалдау шартының бір данасы мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріледі, ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және тұрғын үйде тұру құқығын беретін жалғыз құжат болып табылады.
3. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының тұрғын үй беру туралы шешімінің және үш данада жасалатын тұрғын үйді жалдау шартының негізінде берiледi. Тұрғын үйді жалдау шартының бір данасы мемлекеттік мекеменің әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріледі, ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және тұрғын үйде тұру құқығын беретін жалғыз құжат болып табылады.
3-1. Осы Заңның 67-бабының 3-1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар тұрғынжай беретін органға тұрғын үй комиссиясы бекіткен тұрғынжайға мұқтаждардың тізімдерін жібереді.
77-бап 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 270-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылғы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тұрғынжай беретін мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиясының шешімі тұрғынжайға мұқтаждардың ұсынылған тізімдері негізінде қабылданады.
3-2. Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжай тұрғын үй комиссиясының тұрғынжай беру туралы шешімі негізінде беріледі.
77-бап 3-2-тармақпен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй комиссиялары қызметінің тəртібін уəкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайды.
78-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай берудiң жариялылығы мен ашықтығы
78-бап өзгертілді ҚР 07.07.2006 жылғы № 182 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
78-бап өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 270-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылғы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебiнде тұрған адамдардың тiзiмi, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан соңғы жиырма төрт ай iшiнде тұрғын үй алған адамдардың тiзiмi осы тiзiмдерде тұрған адамдардың талап етуi бойынша танысу үшiн берiледi және осы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланады. Мұндай тiзiмдердiң нысанына отбасының құрамы, есепке қойылған уақыты, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға арналған негiздер және оның көлемi, тұрғын үй берiлген уақыт туралы мәлiметтер мiндеттi түрде енгiзiлуге тиiс.
79-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тарау. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үйлердi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған үйлердi жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) құқықтары мен мiндеттерi
11-тарау тақырыбы өзгертілді ҚР 07.07.2006 жылғы № 182 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
80-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты
80-бап тақырыбы өзгертілді ҚР 07.07.2006 жылғы № 182 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты тұрғын үй беру туралы шешiмнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы орган немесе мемлекеттiк кәсiпорынның немесе мемлекеттік мекеменің әкiмшiлiгi (жалға берушi) мен азаматтың (жалға алушының) арасында жазбаша түрде жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлмеуге тиiс.
1-тармақ өзгертілді ҚР 27.06.2011 жылғы № 444-IV Заңымен (25.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-1. Жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қосымша жалдау шарты тұрғын үй беру туралы шешiмнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы орган мен азаматтың арасында жазбаша нысанда жасалады.
80-бап 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР 07.07.2006 жылғы № 182 Заңына сәйкес
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР 27.06.2011 жылғы № 444-IV Заңымен (25.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ алынып тасталды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңымен (05.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартынан туындайтын қатынастарға тиiстi реттерде Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары да қолданылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР 27.06.2011 жылғы № 444-IV Заңымен (25.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
81-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартының мәнi
81-бап өзгертілді ҚР 07.07.2006 жылғы № 182 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартының нысанасы дара (бөлек) тұрғын үй болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi