Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.01.2018
Консулдық заңдастыру Ережелерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2000 жылғы 21 қарашадағы N 264 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 4 қаңтарда N 1350 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 21 қаңтардан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 06.12.2017 жылғы № 11-1-2/576 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 27 қыркүйектегi N 217 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 45-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берiлiп отырған Консулдық заңдастыру Ережелерi бекiтiлсiн. 
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер Министрiнiң
2000 жылғы 21 қарашадағы N 264
бұйрығымен бекiтiлдi
Консулдық заңдастыру Ережелері
Құжат мәтініндегі "консулдық мекемелер", "консулдық мекемелерде", "консулдық мекемелермен", "консулдық мекемеде", "шет елде" сөздері "шет елдік мекемелер", "шет елдердегі мекемелерде", "шет елдердегі мекемелермен", "шетелдегі мекемелер", "шет елде" сөздерімен ауыстырылды ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығы бойынша (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
1. Консулдық заңдастыру (бұдан әрі - заңдастыру) дегеніміз құжаттардың болу елінің қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiн тексеру және мұндай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатымен оларға лауазым иесiнiң қойған қолы мен басқан мөрiнiң түпнұсқалылығын анықтау мен куәландыру болып табылады. 
Заңдастыру халықаралық қатынастардағы құжаттар мен актiлердiң құқықтық күшiн растайды. Құжаттың мазмұнына консул жауапты емес.
1-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
2. Құжаттың түпнұсқалығы және тиiстi түрде ресiмделгендiгi жайында оның қолданылуы жүретiн елдiң органдарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету заңдастырудың мақсаты болып табылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
3. Заңдастыру бойынша функцияларды мыналар атқарады: 
1) шетелде - Қазақстан Республикасының шет елдік мекемелерi; 
2) Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментi (бұдан әрi - Консулдық қызмет департаментi).
3-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
4. Шетелдегi Қазақстан Республикасының шет елдік мекемелерiнде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша функциялар Қазақстан Республикасының консулдарына жүктеледi. Консулдың тапсырмасы бойынша заңдастыруды басқа да консулдық лауазымды адамдар жүзеге асыра алады. 
Консул консулдық аймақтың билiк орындарының қатысуымен әзiрленген, олар растаған және олар шығарған құжаттар мен актiлердi консулдық заңдастыру үшiн қабылдайды.
4-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы және құжаттар мен актілердi ұйымдары мен мекемелері шығарған мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шет мемлекеттiң ұйымдарынан және мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлерді заңдастырылған жағдайда ғана қарауына қабылдайды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 20.08.2015 жылғы № 11-1-2/348 Бұйрығына сәйкес (17.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ алынып тасталды ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
7. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн немесе өзiнiң мазмұны бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн, немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер жазылған құжаттар мен актiлер заңдастыруға жатпайды.
7-1. Заңдастыруға жатпайды:
1-бөлім 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығына сәйкес (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
7-1-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 11.12.2013 жылғы № 08-1-1-1/613 Бұйрығымен (07.09.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) туу туралы куәліктен басқа, жеке басты куәландыратын құжаттар; жүргізуші куәліктері;
2) әскери билеттер, шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiктер;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, өзге де құжаттар мен актілер
2. Қазақстан Республикасының шетелдегі шет елдік мекемелермен құжаттар мен актiлердi заңдастыру
8. Құжаттар мен актiлердi заңдастыруды жүзеге асыру үшiн болатын мемлекеттiң ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлердi растауға уәкiлеттi консулдық аймақтағы билiк орындары лауазымды адамдарының қолтаңбалары мен мөрлерiнiң үлгiлерi консулдың қол астында болуы тиiс.
9. Заңдастыруға ұсынылған құжаттар мен актiлердiң болатын мемлекеттiң заңнамасына iс жүзiндегi сәйкестiгi жөнiнде күдiк туындаған жағдайда, консул ресми түсiндiрудi алу үшiн консулдық аймақтың билiк орындарына сұрау салу жасайды.
9-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
10. Қазақстан Республикасынан құжат сұрату тәртiбi бойынша Қазақстан Республикасында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер консулға келiп түскен жағдайларда, сонымен қатар болатын мемлекеттiң заңнамасы бойынша ондай құжаттар мен актiлердi заңдастыру қажет етiлсе, консул оларды заңдастыра отырып, мүдделi адамдарға, ұйымдарға және мекемелерге бередi.
10-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
11. Қазақстан Республикасының аумағында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер жекелеген азаматтардан, ұйымдардан және мекемелерден келiп түскен жағдайларда, консул ондай құжаттар мен актiлердi олардың түпнұсқалығын анықтау мақсатында Консулдық қызмет департаментіне жiберуге тиiстi. Ойдағыдай жауап берiлген жағдайда, консул аталған құжаттар мен актiлердi жалпы тәртiпке жүгiне отырып заңдастырады.
11-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
12. Қажеттi жағдайларда, консул үшiншi мемлекеттiң аумағында қолданылуға арналған құжаттар мен актiлердi заңдастыра алады.
13. Болатын мемлекеттен азаматтар, ұйымдар және мекемелер үшiн сұратылған құжаттар мен актiлердi консул осы Ережелерде көзделген тәртiпке сүйене отырып заңдастырады.
3. Құжаттар мен актiлердi Қазақстан Республикасында заңдастыру
14. Консулдық қызмет департаментi шетелдiк ұйымдар мен мекемелерден шығатын құжаттар мен актiлердi, егер олар құжат шыққан шетел мемлекетiнiң шет елдік мекемесiнде алдын ала заңдастырылған болса, заңдастырады.
15. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15-тармақ алынып тасталды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 11.12.2013 жылғы № 08-1-1-1/613 Бұйрығымен (07.09.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бұл жағдайда, осындай құжаттар мен актiлердiң заңдық күшiн тану iстiң мән-жайларының жиынтығы бойынша оларды қабылдайтын органдарға толық жүктеледi.
16. Шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктерде және Қазақстан Республикасында тіркелген консулдық мекемелерде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша мiндеттемелердi орындайтын лауазымды адамдар қолтаңбаларының және мөрлерiнiң үлгiлерi консулдық қызмет департаментiнiң қолында болуы тиiс.
: 16-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 08-1/262 бұйрығымен.
17. Консулдық қызмет департаментi Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын және шетелде ұсынылатын құжаттар мен актiлердi де заңдастырады.
18. Заңдастыруға жататын құжаттарды растау жөнiнде iс-қимылдар жасауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарындағы лауазымды адамдар қолтаңбаларының және мөрлерiнiң үлгілерi Консулдық қызмет департаментiнде болуы тиiс.
18-1. Құжаттар мен актілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу үшін Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелеріне, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне және консулдық мекемелеріне ресми түсіндіру алу үшін сұрау салады.
Ережелер 18-1-тармақпен толықтырылды ҚР Сыртқы істер министрінің 11.12.2015 жылғы № 11-1-2/567 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4. Заңдастырылатын құжаттар мен актiлерге қойылатын талаптар. Заңдастыру жазбасын жасау
19. Құжаттар түпнұсқалы түрде де, сондай-ақ нотариалдық куәландырылған түрде де заңдастыру үшiн қабылданады.
20. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының және өкілдіктерінің құрылтайшылық құжаттары нотариалдық куәландырылған көшiрмелер түрiнде заңдастырылады.
20-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің м.а 17.10.2014 жылғы № 08-1-1-1/463 Бұйрығымен (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.12.2014 № 242(28472) жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21. Егер шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктегi немесе шет елдік мекемедегi заңдастыру құжаттың мемлекеттiк тiлден немесе орыс тiлiнен шет тiлiне аудармасын берудi қажет етсе, консулдық қызмет департаментiндегi нотариалдық куәландырылған көшiрменi заңдастыру оның аудармасымен бiрге жүргiзiледi. Аударма бiр беттiң оң жағында немесе жеке парақта болуы мүмкiн. Соңғы жағдайда аударма құжатқа қоса тiркеледi.
22. Консулдың құжаттың немесе актінің аудармасын нотариалдық куәландыруы оның заңдастырылуына теңестірілмейді.
22-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
23. Заңдастыру үшiн ұсынылатын құжаттар мен актiлер анық және дәлме-дәл жазылуы тиiс. Лауазымды адамдардың қолтаңбалары мен мөрлердiң көрiнiсi анық көрiнуi тиiс. 
Құжаттар мен актілердегi ашық жерлер сызылуы тиiс. Түзетулер мен қоса жазылатын жолдар құжатқа қол қойған адамдардың қол қоюы алдында ескертiлуi тиiс және де оларды мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда шет тiлiнде жасалған заңдастыру жазбасында қайта көрсету керек. Осы қоса жазылатын жолдар мен түзетулер жасалғандығы, қате жазылып, кейiн түзетiлiп өшiрiлгеннiң барлығын алғашқы күйiнде оқи алуды қажет етедi. Түзетулер мен қоса жазылатын жолдар заңдастыру жазбасында жасалған жағдайда, олар ескерiледi және заңдастыруды жасайтын лауазымды адамдар ғана оларға қол қояды.
24. Заңдастыру жазбасына орын болмаған жағдайларда, ол жазба құжатқа немесе актiге қоса тiркелетiн және заңдастыруды жасаған адамның мөрi мен қолы қойылып жеке парақта жасалады.
25. Құжаттың немесе актiнiң осы Ережелердің талаптарына сәйкес заңдастыруға заңдастыра алынатындығына лауазымды адам көз жеткiзгеннен кейiн, оған белгiленген үлгiдегi жазба жасалады (1, 2-қосымша).
25-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
26. Шет елдік мекемелер құжаттар мен актiлердi заңдастыру жөнiндегi реестрлердi белгiленген нысанға сәйкес жүргiзедi ( 3-қосымша ).
26-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
27. Осы Ережелерге сәйкес құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша iс-қимылдар жасаған үшiн мүдделi жеке және заңды тұлғалардан «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес консулдық алым алынады.
27-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы № 08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз)
27-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің м.а 17.10.2014 жылғы № 08-1-1-1/463 Бұйрығымен (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.12.2014 № 242(28472) жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
28. Қазақстан Республикасының консулы осы Ережелердiң 7 және  7-1 тармақтарда аталған жағдайларда өтiнiш жасаушының құжатын заңдастырудан бас тартуға құқылы. Бас тартуға байланысты жоғары сатыдағы лауазымды адамға, Консулдық қызмет департаментiне немесе сотқа ҚР заңында белгiленген тәртiпте шағым арыз жазуға болады.
28-тармақ өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
Консулдық заңдастыру
ережелеріне
1-Қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi 
Консулдық қызмет департаментiнің  
заңдастыру жазуының үлгісі
Осы құжат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментiнде заңдастырылды. 
This document is legalized in Department of Consular Service of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan.
Консулдық заңдастыру
ережелеріне
2-Қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
2- қосымша өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 11.12.2013 жылғы № 08-1-1-1/613 Бұйрығымен (07.09.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің заңдастыру жазуының үлгісі
Осы құжат __________________________________________ заңдастырылды.
(Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы)
Консулдық заңдастыру
Ережелеріне
3-қосымша
3-қосымша өзгертілді ҚР Сыртқы істер министрінің 07.09.2006 жылғы №08-1/262 Бұйрығымен (21.11.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.11.2006 жылғы „Ресми газет„ газетінде жарияланды
Заңдастырудан өткен құжаттарды есепке алу жөніндегі реестр
--------------------------------------------------------------------N!Заңдасты!Құжаттардың!Өтініш!Өтініш!Консулдық!Іс !Квитан!өтініш 
!ру күні !атауы, кім.!жасау.!жасау.!алымның  !жү.!циясы.!жасау. 
!        !нің атына, !шының !шы пас!сомасы   !зін!ның   !шының 
!        !кім және қа!аты-  !порты !         !де.!нөмірі!қолы 
-------------------------------------------------------------------- 
--------------------------------------------------------------------  ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Полная версия
ИС BestProfi