Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.10.2015
Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 316 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.09.2015 жылғы № 783 Қаулысына сәйкес
«Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 17.04.2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 Бұйрығын қараңыз
Редакция 20.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
" Автомобиль көлiгi туралы " 2003 жылғы 4 шiлдедегі және " Автомобиль жолдары туралы " 2001 жылғы 17 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2013 жылғы № 259 Қаулысымен (21.07.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жiберiлген қауіпті жүктердiң тiзбесi бекiтілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 12 наурыздағы
 N 316 қаулысымен
 бекiтiлген
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.07.2005 жылғы № 759 Қаулысымен (12.03.2004 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2013 жылғы № 259 Қаулысымен (21.07.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) « Автомобиль көлiгi туралы » 2003 жылғы 4 шiлдедегi, « Автомобиль жолдары туралы » 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар қауiптi жүктердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауға байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде оларға тән ерекшеліктерге байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылуына, өртенуіне немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiстік және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.
4. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде «Қауіпті жүктер. Сыныптау және таңбалау» 19433-88 МемСТ және Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келісімнің (ҚЖХЖТ) қолданыстағы стандарттарына сәйкес қауiптi жүктердiң сыныптамасы қолданылады.
2. Қауiптi жүктерді автокөлiк құралдарымен тасымалдауды
5. Қауiптi жүктердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарының жүргiзушiлерi және қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдары осы Қағидалардың 4 және 5-тарауларында жазылған белгілі бір талаптарға сәйкес келеді.
6. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауiптi жүкті тасымалдау рұқсат беру құжаты – Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат негiзiнде, арнайы бейімделген автомобильмен немесе осы мақсаттар үшін арнайы қайта жабдықталған басқа да автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1381 Қаулысымен (19.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  09.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
7-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1381 Қаулысымен (19.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  09.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi