Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 750 Жарлығы
Редакция 09.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар  бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 750 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж., № 17, 168-құжат; 2003 ж., № 45, 486-құжат; 2007 ж., № 14, 160-құжат; 2011 ж., № 30, 366-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; № 41, 606-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:
«7. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.».
«19. Комиссия қазақстандық тараптан алты өкілден және шетелдік тараптан алты өкілден тұрады.
Қазақстандық тараптан лауазымы бойынша: әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы) Комиссия мүшелері болып табылады.».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (18.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат; 2002 ж., № 44, 436-құжат; 2003 ж., № 45, 487-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; № 51, 671-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 52, 712-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 77-78, 1131-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына:
Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Полная версия
ИС BestProfi