Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 Қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 13.12.2012 жылғы № 1586 Қаулысымен (05.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
«Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы № 355 Бұйрығын қараңыз
Редакция 16.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 13.12.2012 № 1586 (05.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. «Кемелер экипаждары мүшелеріне диплом беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 350 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 188-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 5 тамыздағы
 № 315 қаулысымен
 бекітілген
Қазакстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 13.12.2012 № 1586 (05.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссияларын құру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау - кемені басқару, оның ішінде кеме жүргізу және түбін тереңдету, Қазақстан Республикасында ішкі су жолдары бойынша кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, кемеде тәртіп сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кемеге, кемедегі адамдарға, багажға және жүкке қауіп төндіруді болдырмау үшін қажетті командалық құрамның білім деңгейін анықтау үшін жүзеге асырылатын рәсім, ол әрбір кейінгі бес жыл аяқталғанда жүргізіледі;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру - кемелердің командалық құрамының адамдарына біліктілік деңгейін анықтау жөнінде жүзеге асырылатын рәсім, оның қорытындылары бойынша дипломдар беріледі.
3. Осы Ереже Мемлекеттік кеме тізілімі мен Жалға алынған шетел кемелері тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипажында қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары (бұдан әрі - комиссия) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) тұрақты негізде құрылады.
Полная версия
ИС BestProfi