«Мемлекеттiк қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 12.10.2015
Мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 сәуірде № 9364 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 12 қазаннан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің 10.08.2015 жылғы № 11-1-2/328 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті;
2) «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік қызмет регламенті;
4) «Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
5) «Қазақстан Республикасына кіруге визалар беру, олардың мерзімдерін ұзарту және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өту» мемлекеттік қызмет регламенті;
6) «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті;
9) «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
10) «Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру» мемлекеттік қызмет регламенті;
11) «Қазақстан Республикасының шетелдегі кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңіз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 08-1-1-1/42-1 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 8372-мен тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылы 15 мамырда № 126 (28065), «Казахстанская правда» газетінде 2013 жылы 15 мамырда № 164-165 (27438-27439) жарияланған).
3. Консулдық қызмет департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Р.Жошыбаев
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығымен бекітілген
Полная версия