Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.08.2015
Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 наурызда № 9224 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 30 тамыздан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2015 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес
= red >Редакция 13.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН: 
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қолжазбаларды сақтауға тапсыру, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды:
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
1) «Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет Регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 239 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімде 2011 жылғы 15 тамызда № 7133 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 мамырдағы № 66 (2074) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
2) «Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет Регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 239 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 327 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 қазанда № 8035 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 85 бұйрығына
1-қосымша
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Полная версия
ИС BestProfi