Прокуратура органдарының тергеу функциясын одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 07.03.2012
«Прокуратура органдарында алдын ала тергеуді ұйымдастыру туралы» Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 36 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Бас Прокурорының 07.03.2012 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған прокуратура органдарында алдын ала тергеуді ұйымдастыру туралы Нұсқаулық бекітілсін.
2. Бас Прокурордың 2009 жылғы 28 тамыз айындағы № 48 бұйрығымен бекітілген прокуратура органдарында алдын ала тергеуді ұйымдастыру туралы Нұсқаулықтың күші жойылған деп танылсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Н. Асыловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің, Бас әскери прокуратураның, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың, Бас прокуратура жанындағы С. Есқараев атындағы Институттың басшыларына мәлімет үшін жолдансын.
Қазақстан Республикасының 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Қ. Мәми
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 36 бұйрығымен бекітілген
Прокуратура органдарында алдын ала тергеуді ұйымдастыру туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық прокуратура органдарында қылмыстық істердің Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 191-бабының 3-бөлігі, 197-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы және 198-бабы 3-бөлігінің тәртібімен алдын ала тергеуін ұйымдастыруын реттейді.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар Департаменті (әрі қарай-Департамент) және облыс прокуратураларының арнайы прокурорлар Басқармалары (топтар) және оларға теңестірілгендер (әрі қарай - Басқармалар және топтар), өз құзырет шеңберінде қылмыстық қудалау функцияларын жүргізгенде, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін (бұдан әрі тиісінше - ҚК, ҚІЖК), Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңын, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерімен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор) бұйрықтарын, нұсқаулықтарын, нұсқауларын, сондай-ақ осы Нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады.
3. Арнайы прокурор - өзінің құзырет шеңберінде қадағалау функциясын, сондай-ақ тексеріс жүргізу, қылмыстық істі тергеу жолымен жүзеге асыруға, Департамент бастығы, Департамент бастығының орынбасары, Департамент басқармасының бастығы, Бас Прокурордың тергеу жүргізу мен тергеу топтарына жетекшілік ету бойынша аға көмекшісі мен көмекшісі, Бас Прокурордың криминалист-көмекшісі (бұдан әрі - Бас Прокурордың аға көмекшісі мен көмекшісі), облыс прокуратураның арнайы прокурорлар басқарма бастығы, облыс прокурорлардың тергеу және тергеу топтарына жетекшілік ету бойынша аға көмекшісі мен көмекшісі, прокурор-криминалисттер (бұдан әрі - облыс прокурорының аға көмекшісі (көмекшісі) тұлғасында уәкілетті лауазымды тұлға.
4. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру барысында арнайы прокурорлар ҚІЖК 197-бабымен, сондай-ақ ҚІЖК 64 және 199-баптарымен көзделген тергеуші мен тергеу тобы басшысының барлық уәкілеттіктеріне иелі. Арнайы прокурор өзі тергейтін қылмыстық іс бойынша жоғарыда аталған уәкілеттіктерді бір мезгілде қатар атқара алмайды.
5. Департамент бастығы, оның орынбасары, басқарма бастықтары (арнайы прокурорлар құрымдылық жетекшілері) ҚІЖК-нің 63 бабында көзделген тергеу бөлім бастығының барлық өкілеттеріне иелі:
арнайы прокурорлардың өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша олардың әрекеттерінің уақыттылығын бақылайды;
арнайы прокурорлардың алдын ала тергеу және қамауда ұстау мерзімдерін сақтауын бақылайды;
істер бойынша нұсқаулар береді;
өз құзырет шеңберінде бір арнайы прокурордан қылмыстық істі алып басқа арнайы прокурордың өндірісіне береді;
қылмыстық іс қозғап, оны өз өндірісіне алып, тергеушінің барлық өкілеттеріне ие болып, ала тергеу жүргізуге құқылы;
Полная версия

