Близость слов: Окончание:





Заң жобасының тұжырымдамасы ««Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы»
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы).
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемелері
Төлем жүйелерінің және төлемдік көрсетілетін қызметтер нарығының жұмыс істеу мәселелерін реттеу үшін құқықтық негіздер белгілеу, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібі мен тәсілдерін жаңғырту мақсатында қолданыстағы «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орнына «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуі көзделенеді. Көрсетілген заң жобасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібі, мемлекеттік төлем жүйелері жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары, сондай-ақ төлем жүйелерінің операторларына және оның қатысушыларына бірқатар талаптар бекітілетін болады. Бұдан басқа, көрсетілген заң жобасы төлемдік көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің қызметін реттеу тәртібін белгіленеді және төлемдік көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітіледі. Сонымен бірге заң жобасы төлемдер мен ақша аударымдары мәселелерін реттейтін нормаларды жетілдіреді, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін жетілдіруді көздейді, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдары мәселелері бойынша бірқатар ережелерді бекітіледі.
Сонымен қатар қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қажетті өзгерістерді енгізу арқылы банк практикасында туындайтын проблемалық жағдайларды шешуге бағытталған бірқатар өзекті мәселелерді реттеуде қажеттiлігі бар.
Мәселен, ақшаға тыйым салу және банк шотынан ақша алу туралы шешімдерді орындау тәртібін жетілдіру талап етіледі, себебі тыйым салу туралы шешімдерді орындаудың қолданыстағы тәртібі мен кезектілігі және уәкілетті органдардың инкассалық өкімдері негізінде ақша алу кезектілігі іс жүзінде белгілі бір проблемалардың пайда болуына, атап айтқанда, жекелеген жағдайларда орындау кезектілігінің басымдығы аз шағым-талаптардың шеңберінде салынған тыйым салу болған кезде бірінші кезектегі өндіріп алуды орындаудың мүмкін еместігіне ықпал етеді.
Сонымен бірге мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер және тұрғын үй төлемдері түрінде мемлекет кепілдік берген ақшаны есептеу, сондай-ақ кондоминиум объектісінің үй-жайлары меншік иелерінің жарналарын жинақтау және нотариус депозиті талаптарымен борышкердің ақшасын сақтау үшін банк шоттарынан ақшаны өндіріп алу бойынша шектеулерді бекітіп беру талап етіледі. Бұл жағдай уәкілетті органдардың және лауазымды тұлғалардың ақшаға тыйым салу, оны өндіріп алу туралы шешімдерін орындауды алып тастау және мақсатсыз пайдаланылуына тыйым салынған ақша есебінен көрсетілген ақша қаражатын алушылардың міндеттемелері бойынша банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру қажеттілігіне негізделіп отыр.
Бұдан басқа, банктердің электрондық құжат айналымына қажеттіліктің ұлғаюына байланысты, клиенттердің банк шоттарының болуы мен нөмірлері, клиенттің банк шоттары бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы ақпаратпен электрондық алмасуды ұйымдастыру және мұндай ақпаратты өңдеу үдерісін оңтайландыру талап етіледі.
Көрсетілген мәселелерді реттеу мақсатында, сондай-ақ «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының қабылдануына байланысты мынадай бағыттар бойынша осы ілеспе заң жобаны әзірлеуі көзделенеді:
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының нормаларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен байланыстыру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады:
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне және оларды жеткізушілердің төлемдік қызметтерді көрсетуімен байланысты мәселелер бойынша белгіленген талаптарды бұзғаны үшін төлем жүйелері, төлемдер және ақша аударымдары қатысушыларының жауапкершілігін белгілеу бөлшегінде  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне;  
- банктік қызмет көрсетумен және банк шотын жабумен байланысты мәселелер бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне.
Қолданыстағы банк практикасында туындайтын мәселелерді шешу шеңберінде нормалар енгізілетін болады:
- клиенттің банк шотындағы ақшаға тыйым салу туралы шешімдерді орындау, банк шотынан ақша алу туралы нұсқауларды орындау кезектілігі тәртібін жетілдіру бөлшегінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне;
- мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, кондоминиум объектісінің меншік иелерінің ақшасын және нотариус депозиті талаптарымен ақшаны есептеу үшін банк шоттарындағы ақшаны пайдалану шектеулерін бекітілеу бөлшегінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңына, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;
- банк шоттарының болуы мен нөмірлері туралы, клиенттің банк шоттары бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну мүмкіндігін белгілеу бөлшегінде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы»Қазақстан Республикасының Заңына.
Заң жобасын қабылдау мақсаты төлемдер мен ақша аударымдары мәселелері бойынша заңнамада жіберілген кемшіліктерді реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен енгізілетін нормаларды бірыңғай қолдану болып табылады.
Ұсынылып отырған заң жобасын реттеудің мәні төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асыру, төлемдік көрсетілетін қызмет нарығын реттеу және төлем жүйелерінің жұмыс істеуі кезінде туындайтын құқықтық қатынастар болып табылады.
Бірінші бапта Қазақстан Республикасының мынадай кодекстеріне және заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді:
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
- «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
- «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 
- «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Екінші бапта заң жобасы нормаларының қолданысқа енгізілу мерзімдері көзделеді.
6. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар.
Заң жобасы қабылданған жағдайда орын алатын құқықтық салдар тұрғысынан алғанда Қазақстан Республикасының заңнамасында төлемдік көрсетілетін қызмет нарығының және төлем жүйелері қатысушыларының құқықтық жауапкершілігі, сондай-ақ Ұлттық Банктің осы тұлғаларға қатысты ықпал ету шараларын қолдану жөніндегі өкілеттігі бекітілетінін атап өту керек. Сонымен қатар, төлемдер мен ақша аударымдары мәселелері бойынша орын алып отырған құқықтық олқылықтар жойылады.
Заң жобасы қабылданған жағдайда болатын әлеуметтік-экономикалық салдар ретінде:
- төлемдік көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік ортаның ұлғаюы;
- электрондық өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін енгізу арқылы клиенттердің банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы ақпарат алмасу тәртібін оңтайландыру;
- борышкерлердің банк шоттарынан ақша өндіріп алу туралы бірінші кезектегі нұсқауларды уақтылы орындау;
- азаматтардың әлеуметтік жағынан осал санаттарын қолдау, тұрғын үй мәселелері, сондай-ақ нотариус талаптарымен орналастырылған ақшаны заңды иелерінің алуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету;
- банктік қызмет көрсету тәртібін оңтайландыру күтіледі.
Заң жобасы қабылданған жағдайда теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар болжанбайды.
7. Басқа да заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір мезгілде / кейіннен сәйкес келтіру қажеттігі.  
8. Заң жобасы мәнінің өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттелуі.  
Заң жобасы шеңберінде қаралатын қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында реттелмеген.
9. Қаралатын мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы.
Жоқ. Заң жобасы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының нормаларын іске асыру, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша құқықтық олқылықты реттеу мақсатында әзірленді.
10. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары.
Осы заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.
Полная версия
ИС BestProfi