Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.01.2016
Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 177 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10561 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 29 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.11.2015 жылғы № 743 Бұйрығына сәйкес
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»                          «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму               Қаржы министрі
министрі                              _____________ Б. Сұлтанов
 ______________ Ә. Исекешев           2015 жылғы 4 ақпан
2015 жылғы 20 ақпан
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика
 министрінің
 2012 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 177 бұйрығымен бекітілген
Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары
1. Осы Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің (бұдан әрі – концессия субъектісі) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) инвестицияланған капитал – концессия объектісін құру немесе реконструкциялау үшін концессия субъектісінің меншікті қаражаты мен қарыз капиталының сомасы;
2) концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – концессия субъектісі табиғи монополия саласында ұсынатын және белгілі бір тауарды тұтынушыға беру түріндегі көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік реттеуге тиіс қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
3) қарыз капиталы – концессия объектісін құру немесе реконструкциялау үшін қарыз (кредиттер алу, облигациялар шығару және сату, ақшалай міндеттемелердің басқа да түрлері бойынша қаражат алу) есебінен пайда болған капитал.
4) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган;
Полная версия
ИС BestProfi