Близость слов: Окончание:





Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 қаңтарда № 10117 тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 жылғы № 111 Қаулысына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 жылғы № 98 Қаулысына сәйкес (20.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 19.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-3-бабының 1-1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 жылғы № 111 Қаулысына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.08.2015 жылғы № 155 Қаулысына сәйкес (24.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 жылғы № 138 Қаулысымен (21.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 жылғы № 111 Қаулысына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдардың, корреспонденттік және ағымдағы шоттардың талдамасы туралы есеп;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес активтер мен шартты міндеттемелердің құрылымы туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қарыздар, оның ішінде жан-жақты көрсетілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы есеп;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар құрылымы туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес салымдар, ағымдағы және корреспонденттік шоттар туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті кезең ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы мәмілелер туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның активтерінің, міндеттемелерінің құрылымы және капиталы, кірістері мен шығыстары туралы есептің нысаны;
10-тармақша 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 жылғы № 111 Қаулысына сәйкес
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар есебінің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшамен операциялар туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Ипотекалық ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық форматта осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген есептілікті ұсынады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 жылғы № 138 Қаулысына сәйкес (21.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 жылғы № 111 Қаулысына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 жылғы № 111 Қаулысына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулының 1-тармағының 2) және 7) тармақшаларында көзделген есептілікті - ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;
Полная версия
ИС BestProfi