Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 745 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 31, 407-құжат).
2. «Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 475-құжат).
3. «Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерiн және Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 қаулысының 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 432-құжат).
4. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287 қаулысы (Қазақстан Республикасының  ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 532-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 18 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 9-құжат).
6. «Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектілері жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерінің енін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 71 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 36-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы № 282 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 12, 154-құжат).
8. «Мемлекеттiк орман күзетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 291 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 12, 160-құжат).
9. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 497 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 252-құжат).
10. «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қарашадағы № 1137 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 546-құжат).
11. «Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1413 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 658-құжат).
12. «Айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1415 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 660-құжат).
13. «Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 679-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi