Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 30.09.2015
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1287 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 жылғы № 18-02/178 Бұйрығын қараңыз
Редакция 07.03.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берілiп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректi босату ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 мамырдағы N 752 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 19, 215-құжат);
2) "Өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң базалық ставкаларын, Орманды пайдаланғаны үшiн төлемді есептеу және бюджетке енгiзу ережесiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 431 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 11, 110-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 18 ақпандағы N 199 және 1995 жылғы 29 мамырдағы N 752 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 14 сәуiрдегi N 358 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 17, 170-құжат).
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1287 қаулысымен бекiтілген
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесi (бұдан әрi - Ереже) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудi, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудi және басқа ағаш кесудi жүргiзу үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi босатудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Мемлекеттiк орман қорына кiретiн, бiрақ темiр жолдардың, автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және осы объектілердi қолайсыз табиғат құбылыстарынан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шу әсерiн азайтуға арналған басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiнде орналасқан орман екпелерi үшiн осы Ереже өздерiнiң қорғаныш функцияларын және оларды пайдаланудың белгіленген тәртiбiн орындау үшiн осы екпелердiң мақсаты ескерiле отырып қолданылады.
3. Шекаралық аймақтарда орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату кезiнде осы Ереже Мемлекеттiк шекара туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдаланудың ерекшелiктерi ескерiле отырып қолданылады.
4. Ұзақ мерзімді орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу және өзге де ағаш кесу тәртiбiмен сүректi босату осы Ережеге, ағаш кесу ережесiне, сондай-ақ басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге және орман шаруашылығын жүргiзу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар ормандарында және басқа ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда осы Ереже осы аймақтардың режимiне, орман шаруашылығын жүргiзудiң және ормандарды пайдаланудың орман заңнамасымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамамен белгiленген тәртiбiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
6. Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу кезiнде өсiп тұрған сүректi босату толысқан және қураған екпелерде жүзеге асырылады, бұл орайда бiрiншi кезекте, ағаш кесудiң жоспарына қарамастан, өздерiнiң жай-күйiне қарай (өрт, жел, жауын-шашын, орман зиянкестерi, ластайтын заттардың қалдықтары (тастандылары), басқа да қолайсыз әсер етулер салдарынан бүлiнген) кесу талап етiлетiн екпелердi, өткен жылдардан кесiлмей қалған ағашты, сөлi алынған сүрекдiңдердi кесу белгiленедi.
7. Аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу кезiнде өсiп тұрған сүректi босату орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу (сирексiту, тазарту, сирету, өтпелiк кесу), санитарлық мақсатта iрiктеп ағаш кесу, қайта жаңарту үшiн ағаш кесу және құндылығы аз сүрекдiңдердi кесуге байланысты өзге де ағаш кесулер, сондай-ақ қорғаныштық, судан қорғау және басқа функцияларын жоғалта бастаған екпелердi кесу, жас шоғырларындағы жекелеген ағаштарды кесу кезiнде жүзеге асырылады.
8. Басқа да ағаш кесу кезiнде өсiп тұрған сүректi босату үй және құрылыс салу, су тораптарының (cу қоймаларымен толтырылатын аймақтарды қоса алғанда), құбырлар, жолдар, байланыс және электр беру желiлерiн салу және пайдалану үшiн орман жерлерiн тазарту жүргiзген, пайдалы қазбаларды өндiру кезiнде және орман жерлерiн орман емес жерлерге белгiленген тәртiппен көшiруге байланысты өзге де жағдайларда, сондай-ақ орман соқпағын салу өртке қарсы ор қазу, орман өсiру, өртке қарсы, орман-мелиоративтiк және басқа орман шаруашылық жұмыстарын жүргізу, санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесу, жойылуға тиiс қоқыстарды жинау кезiнде жүзеге асырылады.
9. Уақытша орман тұқымдық учаскелер ретiнде бөлiнген екпелердi орман сүректi ағаштарының тұқымдарын даярлау мақсатында бiтiк шыққан жылдарда ғана кесуге жол берiледi. Ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде уақытша орман тұқымдық учаскелерiн бөлу шартта көзделген жағдайларда жүргiзiледi.
10. Cүpeк даярлауға, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану мерзiмiне қарамастан, ағаш кесу билеттерi бойынша ғана рұқсат етiледi.
Ағаш кесу билетiн мемлекеттiк орман иеленушi нақты кеспеағаш аймағына жыл сайын бередi және ол орман пайдаланушыға сүректi белгiленген көлемде және белгіленген мерзiмде даярлау мен әкетудi жүзеге асыруға құқық беретiн құжат болып табылады.
11. Ағаш кесудiң барлық түрлерi жағдайында кеспеағаш аймағын әзiрлеу технологиялық карталар бойынша жүргiзiледi, онсыз ағаш кесу билеттерi берiлмейдi.
12. Өсіп тұрған күйінде босатылатын сүрек үшін төлемақы сомасын есептеудің және төлеудің тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 507-бабына сәйкес айқындалады.
12-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 01.09.2011 № 1002 (22.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Заңсыз дайындалған, соның iшiнде мемлекеттiк орман қоры учаскесiн пайдалану құқығын тоқтата тұру немесе тоқтату және ағаш кесу билетiнiң қолданылуын тоқтату туралы шешiм шығарылғаннан кейiн орман пайдаланушылар дайындаған, белгiленген мерзiмдерi өткеннен кейiн әкетiлмеген сүректi мемлекеттiк орман иеленушi алады. Алынған сүректi сату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
14. Сүректi даярлау кезiнде орман пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 38-бабымен көзделген талаптар, сондай-ақ мынадай талаптар қойылады:
1) сүрек дайындауға ағаш кесу билетiн алғаннан кейiн ғана кiрiсу;
2) өзендер мен жылғалардың арнасын ағызу, сондай-ақ ағашты сүйрету және ағаш тасу жолы ретiнде пайдалануға жол бермеу;
3) қар жоқ кезеңде ағаштарды кесу мен кесiндi қалдықтарынан алаңды тазарту арасындағы алшақтықтың 15 күннен асуына жол бермей, кеспеағаш аймағын тазалау сондай-ақ орманда өрт қаупi бар кезең басталғанға дейiн қысқы кеспеағаш аймағын тазалау;
4) ағаш кесу және жол бойын тазалау, орман қоймаларын орналастыру, құрылыстар салу кезiнде мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ластауға, сондай-ақ кесiлген күйi салбырап қалған ағаштарды және үйiнділердi қалдыруға жол бермеу;
5) тұқымдық, артықшылығы бар және басқа да кесілуге жатпайтын ағаштардың, өскiндердiң кеспеағаш аймағына iргелес жатқан әрбiр жағынан алғандағы енi 50 метр белдеулердегi екпелердiң сақталуын, сондай-ақ орман орналастыру және орман шаруашылығы белгiлерiнiң, ағаштар мен түбiрлердегi жапсырмалардың бүтiндiгiн қамтамасыз ету;
6) сүректi әкеткен және өзге жүктердi тасымалдаған кезде жолдарды, көпiрлердi және орман соқпағын, сондай-ақ құрғату тораптарын, жол, гидро-мелиоративтiк және басқа құрылғыларды, суағарларды, жылғаларды, өзендердi сақтау және олар бұзылған жағдайда өз есебiнен тиiстi жай-күйiне келтiру.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi босатудың шарттары мен тәртiбi
15. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босатудың жыл сайынғы мөлшерiне орман орналастыру жобаларына, ағаш кесу жоспарларына, құрылыс объектiлерi үшiн орман алаңдарын тазалау жөнiндегi жобаларға, жаппай санитарлық ағаш кесудi жүргiзуге арналған рұқсаттарға сәйкес белгіленген басты мақсатта пайдалану үшiн (кеспеағаш қоры), аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң, өзге де ағаш кесулердің жыл сайынғы көлемi кiредi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
16. Мемлекеттiк орман иеленушілер ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға құқығы бар орман пайдаланушылардың өтiнiмдерi негiзiнде, оларға аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мен өзге де ағаш кесуге арналған өздерiнiң өтiнiмдерiн енгiзе отырып, өсiп тұрған сүректi жыл сайын босатуға жиынтық материалдар қалыптастырады.
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босатудың жыл сайынғы мөлшерiн белгiлеудiң, кеспеағаш аймағын әзiрлеу үшiн даярлық жұмыстарын жүргiзудiң, ағаш кесілген орындар мен даярланған сүректi куәландырудың тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
17. Мемлекеттiк орман иеленушiлер ағаш кесу жүргiзуге арналған кеспеағаш аймағын бөлу мен оны материалдық-ақшалай бағалауды орман орналастыру жобасына, ағаш кесу жоспарына сәйкес, сондай-ақ кеспеағаш аймағы ағаш кecугe түсуден бiр жыл бұрын жергiлiктi халықтың отындық сүрекке деген қажеттерiн ескере отырып жүргiзедi.
Кеспеғаш аймағын бөліп беру мен мөлшерлеуді мемлекеттік орман иеленушiлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1512 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларына сәйкес жүргізеді.
17-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.03.2012 № 305 Қаулысымен. (01.09.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Сүректi даярлаудың, әкетудiң және мерзiмдi кейiнге қалдырудың мерзiмдерi мен тәртібi
18. Cүpeк даярлаудың мерзiмi кеспеағаш аймағында ағаш кесу белгiленген жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсан аралығында деп, ал әкету мерзiмi - келесi жылдың 1 мамырына дейiн болып белгiленедi. Cүpeктi даярлау мен әкетудiң мерзiмдерi ағаш кесу билетiнде көрсетiледi.
Ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға онда орман иеленушімен келісілген кеспеағаштар дайындауға технологиялық карталар болған жағдайда уәкілетті орган сүректі дайындау көлемін бекіткеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде беріледі.
18-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.09.2011 № 1002 Қаулысымен (22.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
19. Орман пайдаланушылар жыл сайын 15 қаңтардан кешiктiрмей, мемлекеттiк орман иеленушiлерге, ұзақ мерзiмдi пайдалану шартына сәйкес ағаш кесу жүргiзiлген алаң және даярланған сүректiң мөлшерi, соның iшiнде өткен жылғы iске жарамдылары (1 қаңтардағы жағдай бойынша) туралы, сондай-ақ әрбiр ағаш кесу билетi бойынша (кеспеағаш) ағаш кесу аяқталмаған кеспеағаш аймағында өсiп тұрған сүректiң алаңы мен кейiнге қалдырылатын қалдықтары туралы жазбаша мәлiмет ұсынады.
Мәлiмет ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк орман иеленушi мұнан кейiнгi ағаш кесу билеттерiн берудi тоқтата тұрады.
20. Өсiп тұрған cүpeктi ағаштың алаңын және кесуге белгіленген санын ескере отырып босату кезiнде сүректi оны даярлаумен бiр мезгiлде әкетуге рұқсат етiледi.
Өсiп тұрған сүректi даярланған сүректiң санын ескере отырып босату кезiнде оны ағаш кесу билетiнде көрсетiлген уақытша орман қоймасына әкелуге ғана жол берiледi. Бұл сүректi әкетуге даярланған сүректiң мөлшерi куәландырылғаннан кейiн рұқсат етiледi.
Сүректiң өрт салдарынан бүлiнген екпелерден даярланған санын ескере отырып, сондай-ақ боран сындыру мен жел құлатудан әзiрлеу есебiнен босату кезiнде осы сүректердi есепке алу ұйымдастырылған жағдайда ғана оларды әкетуге рұқсат етiледi.
Егер олар темiр жол мен тас жолдардың маңында орналасқан қоймаларға, қайта өңдеуге арналған қондырғыларға және құрылғыларға, сондай-ақ мемлекеттiк орман иеленушiмен келiсiлген және ағаш кесу билеттерiнде көрсетiлген орындарда орналастырылған жыл бойы жұмыс iстейтiн ағаш тасымалданатын жолдардағы аралық қоймаларға әкелiнсе, сүрек ағаш кесетiн жерден әкетiлген деп есептеледi.
21. Су тораптарын, құбырлар, жолдар, байланыс және электр беру желiлерiн салуға, карьерлер әзiрлеу мен пайдалы қазбалар өндiруге байланысты тазартылуға тиiс алаңдарда cүpeктi босату, сондай-ақ орман алаңдарын орман емес жерлерге көшiруге байланысты өзге де жағдайларда ағаш кесу, жобалау құжаттамаларында осы жұмыстарды жүргiзу үшін белгіленген мерзiмдерде жүргiзiледi. Ағаш кесу билеттерi бұл орайда ағымдағы жылда игеру көзделген сүрек мөлшерiне жыл iшiнде жазылады.
22. Мемлекеттiк орман иеленушiлер дайындаған сүректi әкету мерзiмдерi олар күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудi және санитарлық ағаш кесудi жүргiзген кезде ағаш кесу билеттерiнде көзделмейдi. Осы сүректі, сондай-ақ мемлекеттiк орман иеленушілер иелiгiне түсетiн сүректi (ағаш дайындаушылар белгіленген мерзiмде алып кетпеген иесiз және заңсыз кесiлген) әкету мерзiмдерін осындай сүректің мөлшерiне, әкету маусымына, тасымалдау жолдары мен басқа да жағдайларға байланысты мемлекеттiк орман иеленушілер белгілейдi.
23. Кесу басталған және белгіленген мерзімде аяқталмаған ағаш кесетін жерлер болған жағдайда, сондай-ақ дайындалған, бірақ мерзімінде әкетілмеген сүрек орманда қалдырылған жағдайда орман пайдаланушы осы жұмыстарды жүргізуді 5 айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырады.
Мемлекеттiк орман иеленушi орман пайдаланушының жазбаша өтінiшi бойынша мерзiмдi кейiнге қалдырады, ол сүректi дайындау мен әкетудiң белгіленген мерзiмiнен кешiктірiлмей берiлуге тиiс.
23-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.09.2011 № 1002 Қаулысымен (22.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
24. Сүрек дайындаудың мерзiмi кейiнге қалдырылған кезде орман пайдаланушыдан белгiленген тәртіппен өсiп тұрған босатылатын сүрекке төлемнің базалық ставкаларына сәйкес есептелген өсiп тұрған сүрек құнының айына 1,5 пайызы мөлшерiнде өсiмақы алынады.
Сүректi әкету мерзiмi кейiнге қалдырылған кезде орман пайдаланушылар белгiленген тәртiппен мерзiмi кейiнге қалдырылған әрбiр ай үшiн мерзiмінде әкетiлмеген сүрек көлемiн есепке ала отырып, өсiп тұрған сүректi босату төлемінің базалық ставкалары бойынша оның құнының 4,5 пайыз мөлшерiнде есептелетiн өсiмақы төлейдi.
Мемлекеттік орман иеленушiлер орман пайдаланушының өтiнiмінде көрсетiлген мөлшерге кесiлмей қалған және әкетiлмеген сүректiң сәйкес келуiне бақылау тексеруiн жүргiзедi.
Мемлекеттiк орман иеленушiлер ағаш кесу билеттерiне кесу мерзiмiн кейiнге қалдыру туралы белгi соғады.
Мемлекеттік орман иеленушілер орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу және санитарлық мақсатта ағаш кесу тәртібімен дайындайтын және мемлекеттік орман иеленуші франко-кеспеағаш шартымен сататын сүректі тасып әкетуге тұтынушыларға дәл осы тәртіппен кейінге қалдыру уақыты беріледі.
24-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.09.2011 № 1002 Қаулысымен (22.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия