«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидасының 27-тармағына, сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 23.05.2016
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің "Б" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қазанда № 12157 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 23 мамырдан бастап ҚР Бас Прокурорының 28.03.2016 жылғы № 50 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 136 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 9977 нөмірмен тіркелген, «Әділет» Ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны мерзімді басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А.Дауылбаев
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 108 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың осы Әдістемесі (одан әрі - Әдістеме) «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (одан әрі - қызметшілер) қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін айқындайды.
2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (одан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауынан;
2) айналмалы бағалаудан (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы) тұрады.
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі рет «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
Полная версия