Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2017
Ішкі сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 139 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қазанда № 12167 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті төрағасының 29.11.2016 жылғы № 283 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) «Тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0641104, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0641104, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Тауарларды өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0701101, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Тауарларды өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0701101, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Электрондық коммерция туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 6951104, индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Электрондық коммерция туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 6951104, индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Базарлар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0671104, индексі 12-сауда, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Базарлар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0671104, индексі 12-сауда, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
9) «Отын-энергетикалық теңгерімі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0661104, индексі 1-ТЭБ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес;
10) «Отын-энергетикалық теңгерімі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0661104, индексі 1-ТЭБ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес.
2. «Сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 24 қазандағы № 21 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2014 жылғы 25 қарашада № 9904 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Интернет-ресурсында міндетті жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Полная версия
ИС BestProfi