1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 404-V Заңы
1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат):
2) 13-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы «арыздар» деген сөзден кейін «, сұрау салулар» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 165-бапта:
«1. Экологиялық ақпарат беру және оны беруден бас тарту мерзімдері, тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы және ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасында белгіленеді.»;
2-тармақ алып тасталсын;
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 456-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«456-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу»;
2) 78-баптың бірінші бөлігіндегі «сол сияқты жалпы жұрт қол жеткiзетiн ақпаратты шектеулi қол жеткiзiлетiн ақпаратқа құқыққа сыйымсыз түрде жатқызу» деген сөздер алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 456-1-баппен толықтырылсын:
«456-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу
1. Жауаптылығы осы Кодекстің басқа баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпарат пайдаланушының сұрау салуы бойынша берілуге жататын жағдайларда мұндай ақпаратты беруден құқыққа сыйымсыз бас тарту не көрінеу жалған ақпарат беру –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көрінеу жалған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, ашық деректер интернет-порталында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен орналастыру –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 504-бабының үшінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, қол жеткізу шектелген ақпарат болып табылмайтын ақпаратты қол жеткізу шектелген ақпаратқа құқыққа сыйымсыз жатқызу –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 684-баптың бірінші бөлігі «456,» деген цифрлардан кейін «456-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
5) 805-баптың бірінші бөлігі «456,» деген цифрлардан кейін «456-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
6) 807-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «және 132-баптарында» деген сөздер «, 132 және 456-1-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат):
«9. Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобалары оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылады.
Заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
«7. Құпиялылық белгісі немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар нормативтік құқықтық актілер тізбеге олардың тақырыбы көрсетілмей енгізіледі.»;
«5. Құпиялылық белгісі немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар нормативтік құқықтық актілерге қосымшаларды ресімдеу осы бапқа және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
«2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде және конкурстық негізде мұндай құқыққа ие болған мерзімді баспасөз басылымдарында да жүзеге асырылады.
Осы Заңның 3-бабы 2-тармағының 6), 7), 7-2) және 8) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қатысты ресми жариялау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста жүзеге асырылады.»;
«Уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оларды жүргізуге жауапты мемлекеттік кәсіпорынға қағазда және электрондық түрде, осы Заңның 29-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілеттілік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған нормативтік құқықтық актілердің көшірмелерін жібереді.».
4. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат):
«1. Мынадай:
1) азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың салдарлары туралы, сондай-ақ дүлей зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен салдарлары туралы;
2) денсаулық сақтау саласының, санитарияның, демографияның, көші-қонның, білім берудің, мәдениеттің, әлеуметтік қорғаудың, экономиканың, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы, сондай-ақ қылмыстық ахуал туралы;
3) терроризм актілерін жасау фактілері туралы;
4) экологияның, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы;
5) азаматтар мен ұйымдарға мемлекет беретін артықшылықтар, өтемақылар және жеңілдіктер туралы;
6) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілері туралы;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервінің мөлшерлері туралы;
8) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ашатын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының қалыптастырылуы және жұмсалуы туралы;
9) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ашатын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражаттың жұмсалуын бақылау туралы;
10) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының заңдылықты бұзу фактілері туралы;
11) осы Заңның 14-бабында көзделген мәліметтерді қоспағанда, саяси, әлеуметтік және басқа да себептер бойынша жаппай қуғын-сүргін туралы, оның ішінде архивтегі мәліметтер құпияландырылмауға тиіс.».
5. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 24, 144-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қызметтік ақпарат деп меншік иесі, иеленушісі немесе пайдаланушысы мемлекет болып табылатын, мемлекеттік функцияларды орындау кезінде жасалатын, өңделетін және берілетін ақпарат түсініледі.»;
«4. Ақпараттық рәсімдер таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың және мемлекет мүдделерімен байланысты өзге де ақпараттың жария болуына жол бермеуге тиіс.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгі қойылады.
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік ақпарат өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін ғана беріледі. Бұл ақпарат қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланылмайды.»;
6. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
«4. Байланыс операторлары өтеусіз негізде бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде қызметтер көрсетуге міндетті. Көрсетілген мақсаттарда байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.».
7. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат):
«2-2. Осы Заңның күші, 7-баптың 2-тармағын, 15-баптың 12) тармақшасын және 16-бапты қоспағанда, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін, субъектілер алған немесе жасаған ақпаратты беру туралы сұрау салуларды ғана қамтитын жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты қоғамдық қатынастарға қолданылмайды.».
8. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 14, 73-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат):
12-баптағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» деген сөздер «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Полная версия