Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020
Көмірсутек шикізаты мен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 620 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде № 11599 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.09.2019 жылғы № 725 Бұйрығына сәйкес (16.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Инвестиция және даму министрінің м.а. 16.02.2016 жылғы № 195 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.09.2019 жылғы № 725 Бұйрығына сәйкес (16.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жерасты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауы учаскесін өзгертуге арналған өтініш» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекiтiлсiн.
2. "Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 103 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9396 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (Т.С. Тоқтабаев) заңнамада белгіленген тәртіпте: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 620 бұйрығына
5-қосымша
Осы Бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.09.2019 жылғы № 725 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 04.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Полная версия
ИС BestProfi