Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.06.2024
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 731 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 қаңтарда № 12927 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2024 жылғы 10 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.05.2024 жылғы № 112 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 09.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 21 желтоқсандағы
 № 731 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.03.2022 жылғы № 74 Бұйрығымен (27.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.12.2022 жылғы № 775 Бұйрығымен (10.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 27.07.2021 жылғы № 271 Бұйрығына сәйкес (21.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10976 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:».
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 21 желтоқсандағы
 № 731 бұйрығына
 қосымшасына
 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.03.2022 жылғы № 74 Бұйрығымен (27.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 21 желтоқсандағы
 № 731 бұйрығына
 қосымшасына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Қоршаған ортаны қорғау
 министрінің
 2012 жылғы 11 қазандағы
 № 304-Ө бұйрығымен
 бекітілген
Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының орынбасары болып табылады;
2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылады;
3. Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары болып табылады;
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылады;
5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары болып табылады.
6. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық органдары мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелерінің басшылары болып табылады;
7. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық органдары мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелерінің бас және жетекші мамандары болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi