Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 134 бұйрығы
Осы Бұйрық 2024 жылғы 8 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.08.2024 жылғы № 66 Бұйрығына сәйкес
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.09.2015 жылғы № 772 Бұйрығына сәйкес (16.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.09.2022 жылғы № ҚР ДСМ-103 Бұйрығына сәйкес (30.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Ғылым және адами ресурстар департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Молдағасымова А.Б.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.09.2015 жылғы № 772 Бұйрығына сәйкес (16.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.09.2022 жылғы № ҚР ДСМ-103 Бұйрығына сәйкес (30.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер біліктілігіне қойылатын талап жоғары кәсіби білім (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша) немесе арнаулы әлеуметтік қызмет ұсыну бойынша магистратура/мамандандыру.
4. Денсаулық сақтау саласында үйде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талап (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша) техникалық және/немесе кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім.
1. Осы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттаудың тәртібін анықтайды.
2. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттауға денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, денсаулық сақтау саласында үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкер (бұдан әрі - аттестатталушы адам) жатады.
3. Аттестаттау денсаулық сақтау жүйесін арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы қазіргі заманға теориялық және практикалық әдістерді білетін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
4. Аттестаттау бес жылдың ішінде бір рет өткізіледі, бұл ретте бала күтімі демалысында жүрген әлеуметтік қызметкерлер қызметке шыққаннан кейін, кемінде алты айдан кейін аттестатталады.
5. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау мыналарды:
7. Аттестациядан өту үшін аттестаттау мемлекеттік басқармасындағы жергілікті денсаулық сақтау органға облыстық республикалық маңызы бар қаланың, елорданың (бұдан әрі - жергілікті орган) келесі құжаттарды тапсырады:
9. Комиссия саны кемінде бес адамнан тұратын мүшелерден және комиссия хатшысынан тұрады. Комиссияны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның Төрағасы болып табылатын бірінші басшысы, немесе оның орынбасары басқарады. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссияның қызметі мен оның қабылдаған шешімдеріне жауапты болады.
10. Комиссияның құрамына арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелеріне жетекшілік ететін жергілікті органның қызметкерлері, жоғары оқу орындарының арнайы және аралас пәндер бойынша оқытушылары (келісім бойынша) енгізіледі.
12. Аттестатталушы дәлелді себеп бойынша комиссия отырысына келе алмаған жағдайда, оны аттестаттау жөніндегі мәселені қарау комиссия көрсеткен анағұрлым кейін мерзімге ауыстырылады.
14. Дауыс беру нәтижесі Комиссия мүшелерінің көпшілігінің дауыс бергені. Дауыс беру теңдей болғанда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге құқысы жоқ.
18. Аттестатталушы адамның таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде тестілеу өткізіледі. Тестілеу нәтижелері баллмен бағаланады әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады. Тестілеу нәтижесі бір жылға дейін жарамды.
21. Аттестатталушы адамға қойылатын сұрақтар кәсіби және біліктілік даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі оның құзіреттілігі деңгейін анықтауға бағытталған болуға тиіс.
25. Комиссияның хаттамалық шешімінің негізінде денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша, кәсіптік даярлығының деңгейін растайтын сертификат беріледі.
27. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге сертификаты берілген күнінен бастап бес жылға дейін Қазақстан Республикасы мекенінде жарамды. Осы уақыт біткен соң денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман сертификаты күшін жояды.
Денсаулық сақтау саласындағы
арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қажеттілікті бағалау және
айқындау жөніндегі әлеуметтік
қызметкердің аттестаттау
ережесіне қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер лауазымы бойынша аттестатталды