Близость слов: Окончание:





Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13199 болып тіркелді
Редакция 03.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2024 жылғы № 554 Бұйрығына сәйкес (28.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 
3. Осы қағидағаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2016 жылғы 26 қаңтардағы
 № 77 бұйрығына
 1-қосымша
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан
 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери,
 арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2020 жылғы № 439 Бұйрығына сәйкес (15.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» (бұдан әрі – «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң) заңдарына сәйкес әзірленді және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.09.2023 жылғы № 709 Бұйрығына сәйкес (17.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. ІІМ әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі
2- тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2020 жылғы № 439 Бұйрығына сәйкес (15.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-параграф. ІІМ әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды
 іріктеу тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi