Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.10.2018
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 29.10.2018 жылғы № 781 Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасының
 Президенті мен Үкіметі актілерінің
 жинағында жариялануға тиіс
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде және тәртіппен Бағдарламаны іске асыру мониторингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2016 жылғы 1 наурыздағы
 № 205 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2016 жыл
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)
Әзірлеу үшін негіздеме «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы ;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
«100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ)
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
Бағдарламаның мақсаты Экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту
Бағдарламаның мақсаттары мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;
сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру;
техникалық және кәсіптік білім алу үшін жағдайлар жасау арқылы жастарды әлеуметтік-экономикалық интеграциялау;
экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету, білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау;
ел экономикасының қарқынды әртараптануы және тұрақты дамуы үшін ғылымның нақты үлесін қамтамасыз ету.
Міндеттер мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін арттыру;
демографиялық жағдайды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;
балаларды мектепке сапалы дайындауға бағдарланған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту;
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;
педагогтер кәсібінің беделін және олардың сапалық құрамын арттыру;
орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету;
орта білім берудің мазмұнын жаңарту;
мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;
орта білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;
техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) жүйесінің беделін арттыру;
ТжКБ қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету;
елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңарту;
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және саламатты өмір салты мәдениетін нығайту;
ТжКБ менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;
бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету;
әлемдік үрдістер аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту;
ғылыми зерттеулер нәтижелерін және технологияларды коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау;
жоғары оқу орындарында білім алатын (бұдан әрі – ЖОО) жастарды «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға қатыстыру;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;
ғылымның ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін ұлғайту;
ғалымның ғылыми әлеуетін және мәртебесін нығайту;
ғылымның инфрақұрылымын жаңғырту;
ғылым менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.
Іске асыру мерзімдері 2016 – 2019 жылдар
Нысаналы индикаторлар


































Қаржыландыру көздері және көлемі
жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі
2017 жылы – 87,5 %, 2019 жылы – 100 %;
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – НЗМ) тәжірибесі бойынша білім берудің жаңартылған мазмұнына өткен мектептердің үлесі 2016 жылы – 100 %, 2019 жылы – 100 %;
үлгерімі «жақсы» және «үздік» оқушылардың үлесі (оқытудың сапасы) 2017 жылы – 62 %, 2019 жылы – 70 %;
мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары бітірушілерінің үлесі 2017 жылы – 92 %, 2019 жылы – 95 %;
мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ЖОО-ны бітіргеннен кейін бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ЖОО түлектерінің үлесі 2017 жылы – 85 %, 2019 жылы – 90 %;
QS-WUR рейтингінде белгіленген Қазақстан ЖОО-ларының саны:

топ-200
топ-300
топ-500
топ-701+
2017 ж. 0
2
2
7
2019 ж. 2
2
3
9
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландырудың жалпы көлеміндегі тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге жұмсалатын шығындар үлесі 2017 жылы – 21,2 %, 2019 жылы – 22,3 %;
қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санындағы коммерцияландырылған жобалардың үлесі 2017 жылы – 17,5 %, 2019 жылы – 20 %.
Бағдарламаны іске асыру үшін 2016 – 2019 жылдары бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалады.
Бағдарламаны іске асыруға бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар 1 423,4 млрд. теңгені (РБ – 1153,0 млрд. теңге, ЖБ – 252,4 млрд. теңге) құрайды.
Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы.
Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы қатарында тұруы тиіс. Әлемнің жетекші экономикалары жоғары деңгейдегі адам капиталы есебінен ғана гүлденуге қол жеткізуде. Оған жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді.
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді.
Полная версия
ИС BestProfi