Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 наурызда № 13527 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.06.2023 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 жылғы № 488 Бұйрығына сәйкес (20.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шалалардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Осы Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген мұқтаждығын бағалау мен айқындау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 жылғы № 488 Бұйрығына сәйкес (20.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (19.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілей (белгілемей) отырып, куәландырылатын адамның организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 жылғы № 488 Бұйрығына сәйкес (20.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) – балаларды зерттеп-қарауды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер айқындайды.
4. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысының негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды.
5. Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарда (бұдан әрі – МӘҰ) қызмет көрсетілетін өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері мен көлемін осы МӘҰ-ның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы айқындайды.
6-тармақ алынып тасталды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2021 жылғы № 340 Бұйрығымен (19.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
қызметінің материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларының жеткіліксіздігімен немесе болмауымен сипатталатын қолайсыз әлеуметтік орта – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін айқындау критерийлері болып табылады.
8. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждығын бағалау арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау критерийлеріне сәйкес және мыналардың:
2) әлеуметтік бейімсізденуі кезінде, оқуға, еңбек қызметіне, бағдарлануға, қарым-қатынасқа және өзінің мінез-құлқын бақылауға жеке қабілеттеріне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес;
3) әлеуметтік депривация кезінде, өзіне-өзі қызмет етудің және осы проблеманы отбасымен шешудің жеке қабілетіне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес;
4) әлеуметтік ортаны бағалау, өмір сүруі үшін материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайлардың жеткіліксіздігімен немесе болмауы негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.
9. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес белгіленеді.
10. Балалардың психикалық-дене және психикалық сөйлеу тұрғысынан даму деңгейін ПМПК психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру негізінде айқындайды.
11. Медициналық-әлеуметтік сараптама мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысын өмірлік қиын жағдайда жүрген адам не оның заңды өкілі немесе оның отбасы мүшелерінің біреуі:
1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) үйде немесе жартылай стационарлық үлгідегі МӘҰ-да қызмет көрсетілген жағдайда – жергілікті атқарушы органдарға;
12. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, ұсынылған МӘС нәтижелерінің және ПМПК қорытындысының, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру және ішкі істер органдары ақпаратының негізінде жергілікті атқарушы органдар мен МӘҰ-ның әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандары әлеуметтік бейімсіздену және әлеуметтік депривация деңгейіне қарай тіршілік-тынысының шектелу дәрежесінің негізінде және әлеуметтік ортаның жай-күйіне байланысты әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтердің көлемін айқындайды.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 жылғы № 383 Бұйрығына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Арнаулы әлеуметтік
көрсетілетін қызметтерге
мұқтаждықты бағалау
мен айқындау
қағидаларына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (19.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Арнаулы әлеуметтік
көрсетілетін қызметтерге
мұқтаждықты бағалау мен
айқындау қағидаларына
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.09.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (19.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Оқу процесінің арнайы режимін сақтай отырып және/немесе көмекші құралдарды пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында өз бетінше оқу қабілеті
Екінші
Тек арнайы білім беру ұйымдарында немесе үй жағдайларында арнайы бағдарламалар бойынша өз бетінше оқу қабілеті
Үшінші
Өз бетінше оқуға қабілетсіздігі
2
Еңбек қызметіне қабілеті
Бірінші
Біліктіліктің төмендеу немесе өндірістік қызмет көлемінің азаю жағдайларында, өз кәсібі бойынша жұмысты орындау мүмкін болмаған кезде еңбек қызметін өз бетінше орындау қабілеті
Екінші
Көмекші құралдарды және/немесе арнайы жабдықталған жұмыс орнын пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен еңбек қызметін өз бетінше орындау қабілеті
Үшінші
Еңбек қызметін өз бетінше орындауға қабілетсіздігі
3
Бағдарлау қабілеті
Бірінші
Көмекші құралдарды пайдалану жағдайында өзін-өзі бағдарлау қабілеті
Екінші
Басқа адамдардың көмегін қажет ететін өз бетінше бағдарлау қабілеті
Үшінші
Өз бетінше бағдарлау қабілетсіздігі
4
Қарым-қатынас жасау қабілеті
Бірінші
Ақпаратты түсіну, қабылдау, беру жылдамдығының төмендеуі, көлемінің азаюы арқылы сипатталатын өз бетінше қарым-қатынас жасау қабілеті
Екінші
Көмекші құралдарды пайдалану арқылы және/немесе басқа адамдардың көмегімен өз бетінше қарым-қатынас жасау қабілеті
Үшінші
Өз бетінше қарым-қатынас жасауға қабілетсіздігі
5
Өз мінез-құлқын бақылау қабілеті
Бірінші
Өз мінез-құлқын дербес бақылау қабілетінің ішінара төмендеуі
Екінші
Өз мінез-құлқын тек бөгде адамдардың көмегімен ішінара немесе толықтай дербес бақылау қабілеті
Бірге тұратын отбасы мүшелерінің тіршілік-тынысының шектелуі
4
Отбасының белгілі бір тұрғылықты жерінің болмауы
5
Отбасының аз қамтамасыз етілуі
6
Қатігездік
7
Созылмалы аурулар және бірге тұратын отбасы мүшелері денсаулығының ерекшелігі
8
Бірге тұратын отбасы мүшелерінің зиянды әдеттері: алкогольді, есірткіні және темекіні тұтынуы және т.б.
9
Дінге көзқарасы
10
Отбасының өзара қарым-қатынас ерекшелігі, келіспеушілік мінез-құлықтар
11
Тәрбиелеу стилі (гипер қамқорлық, қатаңдатылған бақылау, қараусыздық, көңіл бөлмеу және т.б.)
12
Бірге тұратын отбасы мүшелерінің тәрбиелеу, дамыту процесіне қатысуға дайындығы
13
Әлеуметтік-еңбек ерекшеліктері (бірге тұратын отбасы мүшелерінің кәсібі, білімі)
14
Әлеуметтік-тұрмыстық ерекшеліктері (отбасындағы тұрмыстық міндеттерді бөлу, отбасында өмірлік қиын жағдайда жүрген адам қандай көмек көрсетеді, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның үйдегі міндеттері)
15
Отбасындағы бос уақыт (өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның бос уақытта/демалыс кезінде отбасының басқа мүшелерімен бірге қатысуы)
16
Отбасының әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері және проблемалары (бұрынғы және қазіргі құқықтық жағдайы, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның отбасында әлеуметтік-құқықтық қорғалуы)