Близость слов: Окончание:





Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 44 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13470 болып тіркелді
Редакция 15.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. «Ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 83 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10471 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. Школьник
КЕЛІСІЛДІ 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрлігі 
Статистика комитеті 
Төрағасының міндетін атқарушы 
_________________ Б. Иманәлиев 
2016 жылғы 12 ақпан
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2016 жылғы 9 ақпандағы
 № 44 бұйрығымен
 бекітілген
Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидалары 
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар ядролық материалдармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Ядролық материалдарды мемлекеттiк есепке алу ядролық материалдардың қолда бар санын, олардың орын ауыстыруын және олармен жұмыс істеу кезінде орналасқан жерін айқындауды қамтамасыз етеді:
Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу оларды бастапқы өндіру кезеңінен бастап және оларды түпкілікті көмгенге дейін жүргізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi