Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 шілдеде № 13805 болып тіркелді
Редакция 16.09.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2016 жылғы 17 мамырдағы
 № 209 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 27.08.2018 жылғы № 337 Бұйрығына сәйкес (17.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10533 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): 
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларында:
«33. Энергия берушi ұйымдардың электр желiлерiндегi электр энергиясының нормативтiк шығындар шамаларын анықтау «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3) «Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 160 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10595 болып тiркелген, 2015 жылғы 14 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 70-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерінде:
11 және 12-топтар мынадай редакцияда жазылсын:
мынадай мазмұндағы 16-топпен толықтырылсын:
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2016 жылғы 17 мамырдағы
 № 209 бұйрығымен бекітілген
 Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 өзгерістер мен толықтыру
 енгізілетін кейбір
 бұйрықтарының тізбесіне
 1-қосымша
1-қосымша алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 27.08.2018 жылғы № 337 Бұйрығына сәйкес (17.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2016 жылғы 17 мамырдағы
 № 209 бұйрығымен бекітілген
 Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 өзгерістер мен толықтыру
 енгізілетін кейбір
 бұйрықтарының тізбесіне
 2-қосымша
2-қосымша алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 27.08.2018 жылғы № 337 Бұйрығына сәйкес (17.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi