Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 233 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 шілдеде № 13878 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес 
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
1) «Қондырғы паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 122-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8496 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) санында жарияланған): 
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қондырғы паспортының нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2) «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 тамызда жарияланған): 
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлу субъектілері үшін парниктік газдарды түгендеу туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік субъектілері үшін парниктік газдарды түгендеу туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет - порталында орналастыруды; 
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрлігі 
Статистика комитетінің төрағасы 
_________________ Н. Айдапкелов 
2016 жылғы 6 маусым
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2016 жылғы 2 маусымдағы
 № 233 бұйрығына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Қоршаған ортаны қорғау министрінің
 2013 жылғы 15 мамырдағы
 № 122-ө бұйрығына қосымша
Полная версия
ИС BestProfi