Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021
Парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 245 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 шілдеде № 13945 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрлігі 
Статистика комитетінің төрағасы 
____________ Н. Айдапкелов 
2016 жылғы 17 маусым
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2016 жылғы 13 маусымдағы
 № 245 бекітілген
Парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысаны
Кезеңділігі:  тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңіне немесе шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіруді ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру мерзіміне әзірленуде
Ұсынатын тұлғалар тобы:  Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 94-2-бабына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарына түсетін қондырғы операторлары
Қайда ұсынылады:  Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органына
Тапсыру мерзімі:  тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспары қолданылатын алғашқы жыдың бірінші сәуіріне дейін
Полная версия
ИС BestProfi