«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 шілдеде № 13942 болып тіркелді
Редакция 01.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1) тармақшасының бесінші, жетінші, тоғызыншы, он бірінші, он бесінші, он жетінші, он тоғызыншы, жиырма бірінші және жиырма үшінші абзацтарын, 2) тармақшасының алтыншы және сегізінші абзацтарын, 3) тармақшасының жетінші абзацын және 4) тармақшасының алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________ Қ. Бишімбаев 2016 жылғы «____» _______
«КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы ____________ М. Құсайынов 2016 жылғы 17 маусым
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 228 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
2-тармақшада:
«12) жылу энергиясына арналған тариф – тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы алынатын табиғи монополиялар салаларындағы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен жылу энергиясының бірлігі құнының ақшалай мәні;»;
1-тармақшаның бесінші абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
«18) реттеуші орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;»;
1-тармақшаның жетінші абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
«19. Жылу желілеріне нақты қосылу тұтынушының аталған жұмыс (қосылу бойынша) ақысын Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасына сәйкес төлегеннен кейін, жазбаша өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жүзеге асырады.»;
1-тармақшаның тоғызыншы абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
«Жылу энергиясын коммерциялық есептеу құралын жылу желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан тыс орнатқан жағдайда, жылу желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан жылу энергиясының коммерциялық есептеу құралдарын орнатқан жерге дейінгі аумақтағы жылу энергиясының шығындары, шарттық негізде, теңгерімінде жылу желісінің көрсетілген аумағы тұрған иегердің меншігіне жатқызылады. Шығындар энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдармен есептеу жолымен Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасына сәйкес анықталады.»;
1-тармақшаның он бірінші абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
«31. Коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алуды тұтынушының немесе оның өкілінің қатысуымен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым өкілі жүргізеді, қашықтықтан деректерді беру құралдары орнатылған жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, тұтынушының қатысуынсыз жүргізеді»;
«47. Тұтынушының жылу тұтынатын қондырғыларын коммерциялық есепке алу құралдарысыз қосқан жағдайда, жылумен жабдықтаушы ұйыммен жіберілетін жылу энергиясының көлемі Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен есептеу арқылы анықталады.»;
1-тармақшаның он бесінші абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Ыстық суда жылу энергиясын пайдалану және тұтынушының есепке алу торабында температуралық кестені сақтау кезінде тұтынушы кейін қайтатын желілік суды кесте бойынша оның мәнінен аспайтын температурамен қайтарады. Есепке алу құралдары жоқ тұтынушыларда шарттық көлемнен артық жіберілген жылу мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.»;
1-тармақшаның он жетінші абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
«55. Тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жылу энергиясы үшін өтінім берілген шарт көлемінің, коммерциялық есепке алу құралдары көрсеткіштерінің негіздерінде энергиямен жабдықтаушы ұйым жазып берген төлем құжаттары бойынша, ал олар болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен есеп айырысу жолымен есеп айырысады.»;
1-тармақшаның он тоғызыншы абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
«56. Тұтынушыларға берілген жылу энергиясы үшін есеп айырысулар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленген тарифтер бойынша жүргізіледі.»;
1-тармақшаның жиырма бірінші абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
«Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушыларда ұсынылған қызметтің көлемін коммерциялық есепке алу құралдары болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен есептеу жолымен анықталады.»;
1-тармақшаның жиырма үшінші абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
2) «Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 105 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10752 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 70-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларында:
«1) мемлекеттік орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;»;
2-тармақшаның алтыншы абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңы 14-бабының 9) тармақшасына сәйкес мемлекеттік орган өзінің шешімі бойынша ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, энергия өндіруші ұйымнан оның қызметі туралы қосымша ақпаратты сұратады.
2-тармақшаның сегізінші абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
Бұл ретте өтінімді қарау мерзімі сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Қарау мерзімін ұзарту күнтізбелік отыз күннен аспайды.»;
3) «Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
«14. Энергия беруші ұйым өзінің интернет-ресурсында электрмен жабдықтау желісіне қосылу және техникалық шарттарды беру процесіне арналған бөлімді ашады, онда мыналар:
электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосылуға арналған бөлімді әзірлеу;
кемінде 3 ай мерзімділігімен жүктелетін шағын станцияларды жүктеу туралы ақпаратты орналастыру қамтылады.»;
56-тармақ алынып тасталсын;
3-тармақшаның жетінші абзацы 01.01.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 29.11.2018 жылғы № 463 Бұйрығына сәйкес (23.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
5) «Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10851 болып тiркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
«21) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;»;
6) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 23.11.2017 жылғы № 356 Бұйрығымен (31.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 228 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 29.11.2018 жылғы № 463 Бұйрығына сәйкес (23.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
Полная версия