Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.01.2012
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 555 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 25.01.2012 № 162 Қаулысымен (06.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Редакция 06.05.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс   саласындағы қызметті лицензиялау ережесі және оған қойылатын   біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір   шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялану тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан   бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 30»маусымдағы
 N 555 қаулысымен
 бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесі және оған қойылатын біліктілік талаптары
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесі және оған қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - Ереже) жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру (шығару) жөніндегі жұмыстарды (сертификатталған өнімдерді қоспағанда), сараптау жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау тәртібін және оған қойылатын біліктілік талаптарын регламенттейді.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлға лицензиаттар болып табылады.
3. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензиясы бар   лицензиаттар осы лицензиялар негізінде жөндеу-құрылыс жұмыстарының,   ғимараттарды (тарихи және мәдени ескерткіштерін қалпына келтіруді   қоспағанда), құрылыстарды қайта жаңғыртудың және құрастырмаларды   бекемдеудің тиісті түрлерін жүзеге асыра алады.
4. Лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін "Лицензиялау   туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңында   (бұдан әрі - Заң) көзделген қажетті құжаттар ұсынылады.
5. Лицензиардың лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімі Заңда белгіленген мерзімде қабылданады.
6. Лицензиар теріс шешім қабылдаған кезде өтініш берушіге   жұмыстардың (қызметтердің) сұратылған тізбесі (жекелеген түрлері) бойынша лицензия беруден дәлелді бас тарту жазбаша нысанда жолданады.
7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан   Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында   көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
8. Лицензиаттардың бас лицензияны иеленушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (материалдар, ақпараттар) лицензиарға мынадай есеп нысанында: 
1) құрылыс-монтаж жұмыстарын және құрылыс материалдарын,   бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру (шығару) жөніндегі жұмыстарды   (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) жүзеге асыратын заңды тұлғалар - жыл сайын; 
2) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда,   жобалау-іздестіру, сараптау жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғалар - кемінде үш жылда бір; 
3) жеке тұлғалар, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар - кемінде бес жылда бір рет ұсынады.
9. Құрылысқа арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін өтініш беруші сәйкес келуі тиіс қойылатын біліктілік талаптары мыналардың: 
1) заңды тұлғалар штатында - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе тиісті арнайы орта білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар инженер-техник қызметкерлердің, жауапты орындаушылардың; 
жеке тұлғалар үшін - тиісті жоғары білімі мен мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі кезінде тиісті арнайы орта білімінің; 
тиісті жабдықтар жиынтығына қоса тіркелген топырақ тану зертханасымен; 
тиісті іздестіру жұмыстарының түрлерін орындау үшін бақылау-өлшеу құралдарымен, аспаптарымен, тетіктерімен және құрылғыларымен; 
бұрғылау, геологиялық барлау және қызмет көрсету техникасының қажетті паркімен, сондай-ақ оны ұстау және сақтау үшін өндірістік алаңдармен; 
сұратылған жұмыс түрлері бойынша мемлекеттік нормативтер, нормативтік-анықтамалық және техникалық, әдіснамалық құжаттамалар жиынтығымен; 
жобаның және оның бөлімдерінің сапасын бақылау жүйесімен; 
есеп айырысуларды орындауға, графикалық материалдарды жасау мен ресімдеуге, бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған ұйымдастыру техникасымен және электронды техникамен жарақтандырылған меншік және/немесе жалға алу құқығындағы материалдық-техникалық және өндірістік базаның; 
3) инженерлік іздестірулерді орындау және оларды жүзеге асырудың сапасын бақылау үшін белгіленген тәртіппен тексерілген таңбалары, сондай-ақ сертификаты бар құралдар мен жабдықтардың; 
4) қажетті ережелер мен нұсқаулардың, құралдардың, тетіктер мен құрылғылардың болуын қоса алғанда, жұмыстарды жүргізген кезде еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жүйелерінің; 
5) жобалау жұмыстарының арнайы түрлерін жүзеге асыру үшін жеке   тұлғада (заңды тұлғаның жауапты орындаушыларында) қоршаған ортаны   қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласындағы органдардың тиісті қорытындыларының және сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен ресімделген рұқсаттың болуын қамтиды.
10. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін өтініш беруші сәйкес келуі тиіс қойылатын біліктілік талаптары мыналардың: 
1) заңды тұлғалар штатында - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі немесе тиісті арнайы орта білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар инженер-техник қызметкерлердің, жауапты орындаушылардың; 
жеке тұлғалар үшін - тиісті жоғары білімі мен мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің немесе мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі кезінде тиісті арнайы орта білімінің; 
қойылатын нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес келетін жабдықтардың қажетті жиынтығымен, көтергіш көлік құралдарымен, машиналармен және тетіктермен, жарақтармен, аспаптармен, құрылғылармен; 
жұмыстардың орындалатын түрлерінің сапасын бақылау жүйесімен және заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес зертханалармен; 
мәлімделген жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін бақылау-өлшеу құралдарымен; 
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметтерімен; 
жұмыстардың осы түрі үшін белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес өндірістік-тұрмыстық жағдайлармен; 
сұратылған жұмыс түрлері бойынша мемлекеттік нормативтер, анықтамалық және әдіснамалық құжаттамалар жиынтығымен жарақтандырылған меншік және/немесе жалға алу құқығындағы материалдық-техникалық және өндірістік базаның; 
3) құрылыс-монтаж жұмыстарының арнайы түрлерін жүзеге асыру үшін жеке тұлғада (заңды тұлғаның жауапты орындаушыларында) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен ресімделген қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы органдардың тиісті қорытындыларының және сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандарға рұқсаттың болуын қамтиды.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.05.2008 № 422 Қаулысымен. (30.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
11. Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмаларды өндіру (шығару) жөніндегі жұмыстарды (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) жүзеге асыру үшін өтініш беруші сәйкес келуі тиіс қойылатын біліктілік талаптары мыналардың: 
1) заңды тұлғалар штатында - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі немесе тиісті арнайы орта білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар инженер-техник қызметкерлердің, жауапты орындаушылардың; 
жеке тұлғалар үшін - тиісті жоғары білімі мен мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің немесе мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі кезінде тиісті арнайы орта білімінің; 
материалдардың, бұйымдар мен құрастырмалардың мәлімделген номенклатурасын шығаруды қамтамасыз етуге арналған қажетті қуаттармен; 
жабдықтардың қажетті жиынтығымен, көтергіш көлік құралдарымен, машиналармен және тетіктермен, жарақтармен, аспаптармен, құрылғылармен; 
шығарылатын өнім сапасын бақылау жүйесімен және заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген зертханалармен; 
мәлімделген жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін бақылау-өлшеу құралдарымен; 
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметтерімен; 
осы жұмыс түрі үшін белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес өндірістік-тұрмыстық жағдайлармен; 
сұратылған жұмыс түрлері бойынша мемлекеттік нормативтер,   нормативтік-анықтамалық, техникалық-әдіснамалық құжаттамалар жиынтығымен жарақтандырылған меншік және/немесе жалға алу құқығындағы материалдық-техникалық және өндірістік базаның; 
3) өнімнің өтініш берілген түрлерін шығару үшін қойылатын нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес келетін технологиялық жабдықтардың; 
4) құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмаларды өндіру (шығару) жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін жеке тұлғада (заңды тұлғаның жауапты орындаушыларында) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен ресімделген санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың тиісті қорытындыларының болуын қамтиды.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.05.2008 № 422 Қаулысымен. (30.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
12. Құрылысқа арналған сараптау жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін өтініш беруші сәйкес келуі тиіс қойылатын біліктілік талаптары мыналардың: 
1) заңды тұлғалар штатында - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе тиісті арнайы орта білімі және мамандығы бойынша кемінде жеті жыл жұмыс өтілі бар сарапшылардың; 
жеке тұлғалар үшін - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілінің немесе мамандығы бойынша кемінде жеті жыл жұмыс өтілі кезінде тиісті арнайы орта білімінің; 
жобалар сараптамасының сапасын бақылау жүйесімен; 
мемлекеттік нормативтер, анықтамалық және әдіснамалық құжаттамалар жиынтығымен; 
есеп айырысуларды тексеруге, сараптау қорытындыларын жасауға және ресімдеуге арналған ұйымдастыру техникасымен және электрондық техникамен жарақтандырылған меншік және/немесе жалға алу құқығындағы материалдық-техникалық базаның; 
3) сараптау жұмыстарының арнайы түрлерін, инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін жеке тұлғада (заңды тұлғаның сарапшыларында) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен ресімделген сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандарға тиісті рұқсатының болуын қамтиды.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.05.2008 № 422 Қаулысымен. (30.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 30 маусымдағы
 N 555 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті   лицензиялау мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 1, 9-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қазандағы N 1067 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 42, 444-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 329 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 14, 181-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 желтоқсандағы N 1270 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 48, 608-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі N 327 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 15, 182-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 647 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 259-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi