Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2014
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.05.2010 жылғы № 416 Қаулысымен (31.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2, 3 және 4-тармақтарды қоспағанда, осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысына сәйкес
Редакция 11.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.05.2010 жылғы № 416 Қаулысымен (31.03.2010 ж. редакцияны қараңыз);
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.02.2013 жылғы № 186 Қаулысымен (04.12.2012 ж. редакцияны қараңыз).
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже;
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 26.02.2013 жылғы № 186 Қаулысымен (04.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi; 
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi, осы Комитеттiң штат саны мен мемлекеттік мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң орталық аппаратына берiле отырып, таратылсын.
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi; 
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестіктi қорғау комитетi және оның аумақтық бөлiмшелерi; 
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi құрылсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.06.2006 жылғы № 509 Қаулысымен (27.02.2006 ж. редакцияны қараңыз);
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.2006 жылғы № 730 Қаулысымен (27.02.2006 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi болып қайта аталсын.
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 27.06.2006 жылғы № 589 Қаулысымен (06.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 26.02.2013 жылғы № 186 Қаулысымен (04.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.12.2007 жылғы № 1180 Қаулысымен (18.09.2007 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерiнен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгіне берiлетiн функцияларды ұстауға, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен берiлетiн штат санының шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн.
9. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерi берiлетiн функциялар шеңберiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жарлыққа қол қойылған күнi берiлетiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң пайдалануындағы мемлекеттік мүлiктi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелердi берудi қамтамасыз етсiн.
10. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
Полная версия
ИС BestProfi