Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.03.2019
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы N 289 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.03.2019 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламенті бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентіне сәйкес өз регламенттерін бекітсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 26 наурыздағы
 N 289 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламенті
1. Осы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға, Президенттің, Үкіметтің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оларға жүктелген функцияларды орындау процесінде орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі - ОМО) қызметінің жалпы ережелерін белгілейді. 
Регламентте көзделген ережелер Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде:
1) Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, Президентке тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдардың;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары, Орталық сайлау комиссиясы, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты аппараттарының;
3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің, орталық атқарушы органдарының қызметінде қолданылады.
2. Осы Регламентте белгіленген құжаттармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар, мерзімдер ОМО-ның, оның ведомстволары мен аумақтық органдарының барлық қызметкерлеріне қолданылады.
3. Құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізу, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу және тарату, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарының талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ОМО басшысы бекіткен мемлекеттік органның регламентінде айқындалады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1195 Қаулысымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Құпия іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
4. ОМО өз қызметін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес жүзеге асырады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.06.2010 жылғы № 641 Қаулысымен (30.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi