Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 Қаулысы
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Стратегиялық жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.01.2012 жылғы № 42 Қаулысымен(23.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2012 жылдан бастап)
1. Миссиясы мен пайымдауы
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2013 жылғы № 439 Қаулысымен (24.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Миссиясы. Қазақстан Республикасының экономикалық өсіміне жәрдемдесу және экономикасының жоғары бәсекеге қабiлеттiлiгiне қол жеткізу мақсатында бюджеттің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету.
Пайымдауы. Неғұрлым дамыған, орнықты және прогрессивтi эволюцияланатын қаржылық жүйелердің бірі ретінде әлемдік қаржылық қоғамдастық жіктейтiн тиімді жұмыс істейтін бюджеттің атқарылу жүйесі.
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларын (аяларын) дамыту үрдістерін талдау
2-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.04.2012 жылғы № 497; 28.12.2012 жылғы № 1696; 29.12.2012 жылғы № 1776 Қаулыларымен (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
1-стратегиялық бағыт. Республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету
1-стратегиялық бағыттың тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2013 жылғы № 439 Қаулысымен (24.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) 1-стратегиялық бағыт өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1454 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Бюджеттің толық және уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бюджеттерді жоспарлау және атқару сапасын арттыру, бюджеттердің атқарылуына және мемлекеттік мекемелердің шоттарына қазынашылық қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу процесінің тиімділігін оңтайландыру және арттыру, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің қаражатын пайдалану кезінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
2009 жылы әлемдегі тұтынудың жаһандық қысқаруы салдарынан Қазақстан экономикасының салаларындағы іскерлік белсенділіктің баяулауына байланысты бюджет жүйесі кірістерінің күрт қысқарғаны байқалды. Мәселен, егер 2008 жылы ЖІӨ-нің 25,1%-ы мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінген болса, онда дәл осындай көрсеткіш 2009 жылдың қорытындылары бойынша 20,6%-ды құрады. Мемлекеттік бюджет кірістері 2009 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 13,1%-ға қысқарды.
Ел үкiметi шығыстарды оңтайландыру және әлеуметтік төлемдерді арттыру және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру арқылы тұтынушылық сұранысты бюджеттік ынталандыру мақсатында оларды қайта бағдарлау жолымен республикалық бюджеттің едәуiр тапшылығына жол бермедi.
2010 жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттің тапшылығы ЖІӨ-ге 2,5%-ды құрады, бұл 2010 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген көрсеткіштен төмен. Салыстыру үшін, басқа елдерде бюджет тапшылығы: АҚШ-та – ЖІӨ-нің 8%-ын, Жапонияда – ЖІӨ-нің 7,6%-ын, Ресейде – ЖІӨ-нің 4,1%-ын, Қытайда – ЖІӨ-нің 2,8%-ын, Ұлыбританияда – ЖІӨ-нің 7,9%-ын, Францияда – ЖІӨ-нің 5%-ын, Украинада – ЖІӨ-нің 5%-ын, Белоруссияда – ЖІӨ-нің 3%-ын құрады. Қазақстанда республикалық бюджеттің тапшылығын одан әрі кезең-кезеңмен, ал 2014 жылы ЖІӨ-нің 1,3%-ына дейін төмендету жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлаудың жаңа жүйесi бекітілген, оның негізгі элементі мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары болды.
2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексі күшіне енгізілді, ол нәтижеге бағдарланған бюджеттеудің заңнамалық негізін салды. Бюджетті "сырғымалы үш жылдық" қағидаты бойынша қалыптастыру қамтамасыз етілді.
Полная версия