«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Жерді қашықтықтан зондтау жүйесі үлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 722 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.11.2015 жылғы № 946 Қаулысына сәйкес «Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 29.04.2015 жылғы № 526 Бұйрығын қараңыз
Редакция 19.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. М ә сімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 722 қаулысымен бекітілген
Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі - ЖҚЗ) деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылап қарау – Қазақстан Республикасының заңнамасымен және халықаралық шарттармен геокеңістіктік ақпаратын тарату шектелген (түсірілімдер аумағы бойынша, уақыты және ЖҚЗ деректерін пайдаланушыларға беру шарттары бойынша) объектілер мен ЖҚЗ деректерінде бейнеленген қызметтер танып білу (сараптау) рәсімі;
2) геокеңістіктік ақпарат – қашықтықтан зондтау, геодезиялық және картографиялық жұмыстар деректерін өңдеу негізінде және Жер туралы деректерді жинаудың өзге құралдарымен алынған Жер бетінде және жер бетінің астыңғы қабатында орналасқан жер мен объектілер туралы деректер жиынтығы, сондай-ақ түсірілімнің орбиталық параметрлері, калибрлік коэффициенттер және ЖҚЗ деректерін дұрыс өңдеу үшін қажетті басқа қосымша ақпарат;
3) ғарыш түсірілімдері – Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш құралдарымен жүзеге асыратын түсірілімдер;
4) Жерді қашықтықтан зондтау деректері (бұдан әрі – ЖҚЗ деректері) - Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш аппаратының бортында орнатылған аппаратураның көмегімен тікелей алынған алғашқы деректер (ғарыштық суреттер және метадеректер), сондай-ақ оларды өңдеу нәтижесінде (интерпретациялаудан) алынған материалдар;
5) Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесінің ұлттық операторы (бұдан әрі – ЖҚЗ ҒЖ операторы) – Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін басқаруды және оны пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
6) ЖҚЗ ҒЖ операторының қызметтері (бұдан әрі – қызметтер) – ЖҚЗ деректерін өңдеу, тақырыптық өңдеу өнімдерін жасау, консультациялар, геоақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу жөніндегі бағдарламалық-аппараттық рәсімдер кешені;
7) ЖҚЗ деректерінің дистрибьюторы – ЖҚЗ құралдарының меншік иесімен не ЖҚЗ деректерін жеткізушімен (оператормен) ғарыш түсірілімдерін таратуға және өңдеуге лицензиялы келісімі бар заңды тұлға;
8) кеңістік деректерінің инфрақұрылымы – мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін бірыңғай ұлттық стандартқа келтірілген жүйелендірілген кеңістік деректерінің жиынтығы;
8-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2013 жылғы № 735 Қаулысымен (31.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
9) Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш түсірілімдерін шектеу аудандары – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер, Қазақстан Республикасының экономикасы салаларының стратегиялық маңызы бар объектілері, сондай-ақ режимдік объектілер орналасқан аудандар;
10) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бейінді бөлімшесі (бұдан әрі – ЖҚЗ ҒЖ әскери секторы) – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ЖҚЗ деректерін бақылап қарау рәсімдерін жүргізуге және ЖҚЗ ҒЖ операторымен бірлесіп ғарыш түсірілімдерін жоспарлауға уәкілеттік берілген бөлімшесі;
11) қазақстандық пайдаланушылар – ЖҚЗ деректерін өз мүддесінде пайдаланатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары;
12) метадеректер – өңдеу, одан әрі каталогтау және геопорталдарда қарау кезінде пайдаланылатын олардың маңызды қасиеттері туралы мәліметтердің стандартталған жиынтығы түріндегі ғарыш түсірілімдері туралы деректер;
13) шетел мемлекеттері аумақтарының ғарыш түсірілімдерін шектеу аудандары – шетел мемлекетінің аумағы, сондай-ақ осы шетел мемлекетінің заңды құзырындағы, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарымен оған қатысты ұлттық ЖҚЗ ҒЖ пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының ерекше кепілдіктері енгізілетін аумақ не зондтталатын мемлекет оған қатысты Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ҒЖ ғарыш түсірілімдерін жүргізуге айқын келісім бермеген аумақ;
14) шетелдік пайдаланушылар – ЖҚЗ деректерін пайдаланатын шетелдік жеке және заңды тұлғалар.
3. Ғарыш түсірілімдерін жоспарлау және жергілікті жерде кеңістікті бейнелеуі жоғары, екі метрден дәлірек ЖҚЗ деректерін кейіннен таратумен байланысты қызмет Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарына, сондай-ақ экспорттық бақылаудың шарттары мен шектеулеріне, халықаралық құқық нормаларына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. ЖҚЗ ҒЖ операторы ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, ЖҚЗ деректерін қабылдау, сақтау, тарату, қорғау және жою, ЖҚЗ деректерін ұсыну бойынша көрсетілген қызметтер, сондай-ақ түсірілімдерді жүргізуге Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген шектеулерді сақтау жөніндегі бір жылғы толық есепті ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жыл сайын отызыншы желтоқсанға дейін ұсынады.
Есеп беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілетін Қазақстан Республикасының қорғаныс және қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі ұлттық операторының Жерді қашықтықтан зондтау деректерін жоспарлау, сақтау және тарату жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес айқындалады.
2. Ғарыш түсірілімдерін жоспарлау
5. Ғарыш түсірілімдерін шектеу аудандарының тізбесін қалыптастыру үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз құзыреті шеңберінде жыл сайын, жоспарланған жылдың алдында болған жылдың бірінші қазанына дейін еркін айналымы шектелуге тиіс аумақтар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ұсынады.
6. ЖҚЗ деректерін тақырыптық өңдеу нәтижелерінің құпиялылық дәрежесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Өз функцияларын орындау үшін ЖҚЗ ҒЖ операторы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан құпия өкімдік құжаттарды, нормативтік-техникалық құжаттарды және басқа қажетті ақпаратты мемлекеттік құпия туралы заңнамада белгіленген тәртіппен алады.
7. Шектеу аудандарының тізбесіне Қазақстан Республикасының қару-жарақты қысқарту және таратпау саласындағы халықаралық міндеттемелеріне (келісімдер, уағдаластықтар) жататын аумақтар кірмейді.
8. Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш түсірілімдері шектеу аудандар туралы ұсынылатын мәліметтерде шектеу аудандарының периметрін және бүркенішті ашатын белгілері бар жердің жасанды объектілерін сипаттайтын аудан-аудандарға бөлу схемасы (жер жоспары) болады. Шектеу аудандарының периметрі аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, режимдік объектілердің және Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының стратегиялық маңызы бар объектілерінің жұмыс істеу қауіпсіздігінің талаптарына, сондай-ақ көрсетілген объектілердің қызметін көрсететін геокеңістікті ақпаратты қорғау талаптарына сәйкес айқындалады.
9. Шетел мемлекеттері аумақтарының ғарыш түсірілімдерін шектеу аудандары туралы ұсынылатын мәліметтерде шекарасын географиялық координаталармен сипаттай отырып, өздерінің заңды құзырындағы, оларға қатысты ұлттық ЖҚЗ ҒЖ пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының ерекше кепілдіктері енгізілетін елдер мен аумақтардың тізімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ҒЖ-ның өз аумақтарында ғарыш түсірілімдерін жүргізуге анық келісім бермеген елдердің тізімі болады.
10. ЖҚЗ деректерін алуды жоспарлау мақсатында жыл сайын, жоспарланған жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанына дейін ғарыш түсірілімдерін жоспарлау жобасы және ғарыш түсірілімдері аудандарының каталогы:
1) қазақстандық және шетелдік пайдаланушылардың – ЖҚЗ ҒЖ операторына;
2) Қазақстан Республикасының қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде әрекет ететін қазақстандық пайдаланушылардың – ЖҚЗ ҒЖ әскери секторына өтінімдерінің негізінде қалыптастырылады.
11. ЖҚЗ ҒЖ операторы дистрибьютері болып табылатын шетелдік ғарыш аппараттарынан ғарыш түсірілімдерін жүргізуге арналған өтінімдер, сондай-ақ ЖҚЗ ҒЖ шетелдік операторларының өзге дистрибьюторлары қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өтінімдері бақылап қарау рәсімдерінің орындалуын есепке ала отырып, осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен іске асырылады.
12. Қазақстандық және шетелдік пайдаланушылардың өтінімдерінде ғарыш түсірілімдері аудандарының координаталары, оларды жүргізу мерзімі, қадағалау параметрлері, сондай-ақ өтініш беруші туралы мәліметтер, геокеңістіктік ақпаратпен жұмыс істеуге рұқсат құжаттарының болуы, ЖҚЗ деректерін алу мақсаты, оның ішінде мемлекетке тиесілілігі және геоақпараттық өнімге тапсырыс берушінің деректері көрсетіледі.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысымен (23.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Өтінімдердің техникалық мазмұны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілетін Қазақстан Республикасының қорғаныс және қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі ұлттық операторының Жерді қашықтықтан зондтау деректерін жоспарлау, сақтау және тарату жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес айқындалады.
13. Пайдаланушылар өтінімдерінің негізінде ЖҚЗ ҒЖ операторы қалыптастырған ғарыш түсірілімдері жоспарының жобасы және ғарыш түсірілімдері аудандарының каталогы ғарыш түсірілімдерін шектеу аудандарымен аумағы бойынша, уақыты және ЖҚЗ деректерін беру шарттары бойынша салыстыру жұмыстарын жүргізу үшін ЖҚЗ ҒЖ әскери секторына жоспарланған жылдың алдындағы жылдың бірінші қарашасына дейін жіберіледі.
14. Өтінімдерді ғарыш түсірілімдерін шектеу аудандарымен аумағы бойынша, уақыты және ЖҚЗ деректерін беру шарттары бойынша салыстыру нәтижелерін ЖҚЗ ҒЖ әскери секторы ЖҚЗ ҒЖ операторына жоспарланған жылдың алдындағы жылдың бірінші желтоқсанына дейін жібереді.
15. Өтінімді орындау мүмкін болмаған жағдайда ЖҚЗ ҒЖ операторы не ЖҚЗ ҒЖ әскери секторы өтінім берушіге өтінімді қамтамасыз етудің жаңа шарттарын ұсынады.
16. Ғарыш түсірілімдері жоспарының жобасын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің келісімімен жоспарланған жылдың алдындағы жылдың отыз бірінші желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
17. Бекітілген ғарыш түсірілімдерінің жоспарын іске асыру үшін жоспарланған жылдың бесінші қаңтарынан кешіктірмей:
ғарыш түсірілімдері жоспарының әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін іске асырылатын бөлігі ЖҚЗ ҒЖ операторына;
ғарыш түсірілімдері жоспарының Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты үшін іске асырылатын бөлігі ЖҚЗ ҒЖ әскери секторына жіберіледі.
18. Ғарыш түсірілімдері жоспары тоқсан сайын, ал мемлекеттік органдар үшін жедел түсірілімдер жүргізу қажет болса, түсірілімдердің көрсетілген мерзіміне дейін кемінде бір апта бұрын нақтылануы мүмкін.
19. ЖҚЗ ҒЖ операторының не ЖҚЗ ҒЖ әскери секторының ғарыш түсірілімдері жоспарын нақтылау жөніндегі ұсыныстарын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және уәкілетті орган бір айдан аспайтын мерзімде, ал Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде түсірілімдерді жедел жүргізуге қатысты ұсыныстарды – олардың өтініштерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.
20. Табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органы ЖҚЗ ҒЖ-нің әскери секторына ұсынылған ЖҚЗ деректерін алуға өтінімдер басым тәртіппен орындалады.
21. Ғарыш түсірілімдерін жоспарлау жөніндегі бірлескен ақпараттық-талдамалық қызмет процесінде ЖҚЗ ҒЖ операторының ЖҚЗ ҒЖ әскери секторымен өзара іс-қимыл жасауының технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктерін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілетін Қазақстан Республикасының қорғаныс және қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету кезінде Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының Жерді қашықтықтан зондтау деректерін жоспарлау, сақтау және тарату жөніндегі нұсқаулық айқындайды.
3. Қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібі
22. ЖҚЗ деректерін алумен, өңдеумен және таратумен байланысты қызмет жоспарға және ғарыш түсірілімдері аудандарының каталогына сәйкес жүзеге асырылады.
23. Шетелдік мемлекеттер аумақтары бойынша ЖҚЗ деректерін алу ЖҚЗ ҒЖ операторы арқылы да, сондай-ақ ЖҚЗ ҒЖ операторын абоненттік қызмет көрсететін, осы деректерді қабылдайтын сертификатталған жерүсті станциялары арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.
24. ЖҚЗ деректерін алуға арналған өтінімдерді орындау ЖҚЗ мұрағаттық деректерін пайдаланумен, егер олар өтініштерде көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келсе, жүзеге асырылуы мүмкін.
25. ЖҚЗ деректерін қабылдау, бақылаулық қайта қарау, өңдеу және тарату процесінде ЖҚЗ ҒЖ операторының ЖҚЗ ҒЖ әскери секторымен өзара іс-қимыл жасауының технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілетін Қазақстан Республикасының қорғаныс және қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының Жерді қашықтықтан зондтау деректерін жоспарлау, сақтау және тарату жөніндегі нұсқаулықта айқындалады.
ЖҚЗ деректерін өңдеу және тарату ғарыш түсірілімдерінің технологияларын енгізумен байланысты мәселелерді қарау кезінде ЖҚЗ ҒЖ операторы қажет болған жағдайда, басқа ұйымдар мен мемлекеттік органдардан сарапшылар мен консультанттарды тартады.
26. ЖҚЗ ҒЖ операторы алынған ЖҚЗ деректерінің ғарыш түсірілімдері жоспарына сәйкестігіне алдын ала бағалау жүргізгеннен кейін және ЖҚЗ ҒЖ әскери секторы суреттерді бақылап қарау рәсімдерін іске асырғаннан кейін қазақстандық және шетелдік пайдаланушыларға қашықтықтан зондтау деректерін жеткізуге шарттарды іске асырады.
Бұл ретте ЖҚЗ деректерін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету мүддесінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына таратуды ЖҚЗ ҒЖ әскери секторы жүзеге асырады.
27. ЖҚЗ ҒЖ жерүсті кешенінде өз қызметін бірлесіп жүзеге асыратын ЖҚЗ ҒЖ операторы мен ЖҚЗ ҒЖ әскери секторы ғарыш түсірілімдері жоспары орындалуының есебін жүргізеді, ЖҚЗ деректерінің, олардың сараптама нәтижелерінің, қазақстандық және шетелдік пайдаланушылардың ЖҚЗ деректерімен айналым процесі мониторингінің нәтижелерімен материалдардың ведомстволық мұрағаттарын (қорларын) қалыптастырады. ЖҚЗ ҒЖ операторының ЖҚЗ деректерінің мұрағаты Қазақстан Республикасының кеңістікті деректерінің ұлттық инфрақұрылымын құру және дамыту үшін негіз болып табылады.
Полная версия