Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 Қаулысы
Редакция 10.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 22.10.2007 жылғы № 986 Қаулысымен (28.10.2006 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi оның функциялары мен мүлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне берiле отырып таратылсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.03.2019 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.08.2021 жылғы № 516 Қаулысына сәйкес (07.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1118 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2007 жылғы № 986 Қаулысымен (28.10.2006 ж. редакцияны қараңыз) 
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2009 жылғы № 378 Қаулысымен (22.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.01.2010 жылғы № 23 Қаулысымен (20.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз) 
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.09.2011 жылғы № 1090 Қаулысымен (24.03.2011 жылғы редакцияны қараңыз) 
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.04.2012 жылғы № 539 Қаулысымен (23.09.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.03.2013 жылғы № 233 Қаулысымен (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.02.2014 жылғы № 128 Қаулысымен (13.03.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 989 Қаулысымен (24.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.11.2016 жылғы № 737 Қаулысымен (19.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.03.2016 жылдан бастап және 31.12.2017 жылға дейін қолданыста болады)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.09.2017 жылғы № 586 Қаулысымен (24.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.10.2017 жылғы № 644 Қаулысымен (25.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.11.2018 жылғы № 776 Қаулысына сәйкес (13.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 936 Қаулысымен (19.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2019 жылғы № 131 Қаулысымен (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.04.2019 жылдан бастап осы Қаулының 5-тармағына сәйкес)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.06.2019 жылғы № 433 Қаулысымен (19.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.07.2019 жылғы № 497 Қаулысымен (25.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2019 жылғы № 561 Қаулысымен (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.04.2020 жылғы № 180 Қаулысымен (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.05.2020 жылғы № 281 Қаулысымен (07.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.12.2020 жылғы № 861 Қаулысымен (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысымен (15.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.04.2021 жылғы № 215 Қаулысымен (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.08.2021 жылғы № 516 Қаулысына сәйкес (07.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.03.2022 жылғы № 168 Қаулысына сәйкес (31.01.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Министрлік) сыртқы саяси қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын, сондай-ақ инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Министрліктің Алматы қаласында өкілдігі бар.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен қазақ және орыс тілдерінде атауы жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.06.2023 жылғы № 500 Қаулысына сәйкес (18.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Полная версия
ИС BestProfi