Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ереженің 19-тармағына сәйкес (№ 9778 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2017
Баға белгілеу және сметалар бойынша мемлекеттік нормативтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 235-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 тамызда № 11905 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 21 желтоқсаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 жылғы № 249-нқ Бұйрығына сәйкес
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Құрылыстағы үстеме шығындардың шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Құрылыс ресурстарының ағымдағы бағалар мониторингі және сметалық бағалар есебі жөніндегі мемлекеттік норматив;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Құрылыс үшін жүктерді тасымалдау кезіндегі көлік шығыстарының шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Құрылыс машиналарын, тетіктерін және автокөлік құралдарын пайдалануға арналған ресурстық сметалық нормаларды әзірлеу және сметалық бағаларды айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Құрылыста сметалық жалақыны есептеу жөніндегі мемлекеттік норматив.
2. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпарттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Жайымбетов
Полная версия

