Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысы
Редакция 02.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904
қаулысымен ​бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын және заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын әзірлеу;»;
«12) Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсінік беру;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің ресми жариялануын бақылау»;
«40) бiрыңғай құқықтық ақпарат жүйесiн құру, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсету;».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (07.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережеде:
8-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, нормативтік құқықтық актілер жобаларының, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамасының нәтижелері бойынша Әділет министрлігінің ескертулерін тұрақты негізде талдайды және талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысына, сондай-ақ орталық атқарушы органның жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамға) оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді және жылына екі рет жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-на дейін Әділет министрлігіне жүргізілген талдау және қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді;».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.04.2017 жылғы № 192 Қаулысымен (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 07.07.2021 жылғы № 466 Қаулысына сәйкес (28.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
6.  Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.03.2019 жылғы № 149 Қаулысына сәйкес (11.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 904 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (07.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 904 қаулысына
2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (07.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 904 қаулысына
3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (07.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 904 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 430 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001ж., № 13, 146-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі № 1256 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 231 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 57-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 маусымдағы № 690 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 19, 209-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 маусымдағы № 547 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 23, 287-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 тамыздағы № 802 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 324-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 қарашадағы № 1175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 478-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 389 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 16, 205-құжат).
11. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 1277 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 580-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1352 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 646-құжат).
14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 398 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 219-құжат).
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 493 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 259-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 941 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 492-құжат).
17. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни істер комитетiнiң мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 1319 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 50, 648-құжат).
18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 1327 қаулысы.
19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 172 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 9, 84-құжат).
20. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 846 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 34, 363-құжат).
21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 905 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 37, 419-құжат).
22. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 300 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 18, 160-құжат).
23. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 323 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 172-құжат).
24. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 587 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 302-құжат).
25. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1248 қаулысы.
26. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 728 қаулысы.
27. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 438-құжат).
28. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 2, 16-құжат).
29. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 632 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 347-құжат).
30. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1420 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 7, 92-құжат).
31. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 600 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 510-құжат).
32. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1575 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 9, 176-құжат).
33. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 369 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 38, 516-құжат).
34. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1296 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1081-құжат).
35. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1445 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1166-құжат).
36. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 541 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 521-құжат).
37. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат).
38. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 540-құжат).
39. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат).
40. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және «Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 4, 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 722-құжат).
41. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 87 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 62-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi