«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 279 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 14738 болып тіркелді
Редакция 16.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Төрағасы Н.С. Айдапкелов 2016 жылғы «___» _____________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 279 қаулысына қосымша
Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 109 Қаулысына сәйкес (13.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 12 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия

