Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 377 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қазанда № 17469 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.06.2023 жылғы № 205 Бұйрығына сәйкес
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 жылғы № 383 Бұйрығына сәйкес (14.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес (28.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін (бұдан әрі – ұйымдар тіркелімі) және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін (бұдан әрі – мамандар тізілімі) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының осы заңдарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеу шарттарында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісі болып табылады
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 жылғы № 383 Бұйрығына сәйкес (14.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер (бұдан әрі – жеткізушілер) – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
3. Ұйымдардың тіркелімі және мамандардың тізілімі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-4) тармақшасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерін әлеуметтік қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларына (бұдан әрі – Жіберу қағидалары) сәйкес жеткізушілер ұсынған деректердің негізінде электрондық түрде қалыптастырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 жылғы № 383 Бұйрығына сәйкес (14.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ұйымдар тіркеліміне және мамандар тізіліміне енгізу Жіберу қағидаларына сәйкес жеткізушіні әлеуметтік қызметтер порталына жібергеннен және онда тіркелгенінен кейін бір жұмыс күні ішінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік қызметтер порталында қалыптастырылады.
8) «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген) бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында, «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13543 болып тіркелген) бекітілген Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1079 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14701 болып тіркелген) бекітілген Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында (бұдан әрі – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары) көзделген көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;
7. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі әлеуметтік қызметтер порталында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
10. Жеткізушіні Тіркелімнен немесе Тізілімнен шығару Жіберу қағидаларына сәйкес жеткізуші тіркеуден шығарылғаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.
Жеткізушіні порталда тіркеуден шығару кезінде жеткізушілер тіркелімінде және (немесе) мамандар тізілімінде тіркеуден шығару күні мен себебі көрсетіледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
ұсынатын ұйымдардың бірыңғай
тіркелімін және арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсететін
мамандардың тізілімін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
ұсынатын ұйымдардың бірыңғай
тіркелімін және арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсететін
мамандардың тізілімін
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша