Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 мамырда № 11229 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 215 Бұйрығымен (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 26.12.2016 жылғы № 563 Бұйрығымен (24.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2018 жылғы № 537 Бұйрығына сәйкес (27.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Кешенді экологиялық рұқсатты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес «Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi