БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020
«Көмірсутек шикізатын, сондай-ақ көмір және уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 620 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 725 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 қыркүйекте № 19397 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес
1. «Көмірсутек шикізатын, сондай- ақ көмір және уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 620 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11599 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Көмірсутек шикізаты мен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы»;
«Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жерасты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауы учаскесін өзгертуге арналған өтініш» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекiтiлсiн.»;
көрсетілген бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-миниcтріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Р. Скляр
Полная версия