Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.02.2022
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.02.2022 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес 
Редакция 02.11.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісу бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 968 қаулысымен
бекітілген
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
1-тарау. Бағдарламаның паспорты
1-тарау өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.04.2020 жылғы № 225 Қаулысымен (24.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.07.2020 жылғы № 491 Қаулысымен (20.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)

Атауы

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

"Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығы

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
 

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері

Бағдарламаның мақсаты

Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру

Міндеттері

1. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру.

2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

3. Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнім көлемін ұлғайту.

4. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру.

5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

6. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.

7. Кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыру.

8. Іскерлік байланыстарды кеңейту.

Іске асыру мерзімдері

2020 – 2024 жылдар

Нысаналы индикаторлары

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2025 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:

1. ЖІӨ-дегі ШОК үлесін кемінде 33,8 %-ке жеткізу.

2. Бағдарламаға қатысушылардан түсетін салықтық түсімдерді 2017 жылғы деңгейден 2 есеге ұлғайту.

3. Бағдарламаға қатысушылардың жаңа 30 мың жұмыс орнын құруы.

4. ЖІӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 13,4 %-ке жеткізу.

5. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін кемінде 13,7 %-ке жеткізу.

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Бағдарламаны іске асыруға 2020 – 2024 жылдары 457 435 631 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты жұмсалатын болады:

1) республикалық бюджеттен берілетін қаражат:

2020 – 87 590 689 мың теңге;

2021 – 50 319 755 мың теңге;

2022 – 47 394 521 мың теңге;

2023 – 41 016 973 мың теңге;

2024 – 33 613 693 мың теңге;

2) жергілікті бюджеттен берілетін қаражат:

2020 – 39 500 000 мың теңге;

2021 – 39 500 000 мың теңге;

2022 – 39 500 000 мың теңге;

2023 – 39 500 000 мың теңге;

2024 – 39 500 000 мың теңге.

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" және 2014 жылғы
17 қаңтардағы "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
Бағдарлама "Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
Жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерліктің жай-күйі мен даму деңгейіне тәуелді. Мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетін бәсекелестің дамымауы, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімсіз пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік және басқалары сияқты көптеген проблемаларды шешу үшін экономиканың нақ осы секторының әлеуетті мүмкіндіктері орасан зор.
Шағын және орта кәсіпкерліктің экономиканы әртараптандырудағы рөлі де маңызды. Индустриялық-инновациялық даму жағдайында жұмыс процестеріне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатарынан көптеген қосалқы мердігерлер тартылуы мүмкін ірі өндірістер көбірек қалыптасатын болады. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлік субъектілері халықтың тұтынушылық сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған секторларда жұмыс істей отырып, дамуға жаңа импульс беруі тиіс.
Осыған байланысты жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажет, ол қаржыландыруға қолжетімділікті жақсартуды, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді, құзыретті арттыруға жәрдемдесуді, консультациялық қолдау алуды және кәсіпкерлік бастамаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер тартуды қамтитын болады, бірақ олармен ғана шектелмейді.
Полная версия
ИС BestProfi