Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-103/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 қыркүйекте № 21218 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес (29.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.04.2022 жылғы № ҚР ДСМ-39 Бұйрығына сәйкес (16.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидалары, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес (29.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 274 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11207 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 маусымда жарияланған);
2) «Сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 2 тамыздағы № 683 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14201 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.04.2022 жылғы № ҚР ДСМ-39 Бұйрығына сәйкес (16.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы жөнінде мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидалары, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.04.2022 жылғы № ҚР ДСМ-39 Бұйрығымен (16.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес (29.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 8-бабының 15)-тармақшасына сәйкес әзірленген және медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту тәртібін айқындайды.
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
4) денсаулық сақтау субъектілері – жекеменшік медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке тұлғалар;
4) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында басшылықты, медициналық көрсетілетін қызметтер (көмектің) сапасын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган);
1) көрсетілетін медициналық қызметтердің (көмектің) тиімділік, толықтық және стандарттарға сәйкестік көрсеткіштерін көрсететін индикаторларды пайдалана отырып, денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасының деңгейі туралы қорытынды шығару;
2) денсаулық сақтау субъектілерінің кадрлық, материалдық-техникалық ресурстарын оңтайлы пайдалану және заманауи медициналық технологияларды қолдану негізінде пациенттердің қажетті көлемдегі және тиісті сападағы медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету;
3) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін, медицина қызметкерлерінің құзыретін, мамандардың біліктілік деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
4. Тәуелсіз сарапшылар туралы мәліметтер «Тәуелсіз сарапшылар тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-145/2020 бұйрығына сәйкес мемлекеттік орган қалыптастыратын тәуелсіз сарапшылар тізілімінде қамтылады (мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нормативтік құқықтық актілер № 21509).
6. Мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісімен (бұдан әрі – аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі) шарт жасасқан сәттен бастап тәуелсіз сарапшыларды комиссия құрамына тартқан кезде қажетті мамандығын көрсете отырып сараптама жүргізу үшін сарапшы(лар)ды ұсыну қажеттілігі туралы сұрау-хат жібереді.
Орган, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелері Комиссия құрамына бейінді мамандарды тарту үшін мемлекеттік орган басқа мемлекеттік органдарға және ведомстволық бағынысты ұйымдарға сұрау-хат жібереді.
Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі тәуелсіз сарапшылар тізілімінде тұратын сұратылған мамандыққа сәйкес сарапшыларды сұрау-хат түскен күннен үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
Мемлекеттік органның маманы сараптама нысанасы болып табылатын барлық қажетті материалдарды сарапшыға ұсынады. Қажет болған жағдайда олар өтініш берушімен кездесу ұйымдастырады (өтініш берушінің келісімімен).
1) өлім жағдайларын, сирек кездесетін аурулармен емделген жағдайда, арнайы мамандандырылған емделген жағдайларды (клиникалық жағдайда), асқынулармен емделген жағдайларды, Кодекстің 7-бабының 60)-тармақшасына сәйкес шетел клиникаларына жіберілген Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел клиникаларында өлім жағдайларын қарау кезінде, сондай-ақ нақты жұмсалған шығындар бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде медициналық көмектің сапасын растау қажеттілігі;
8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды:
1) өтініштерді, оның ішінде денсаулықтың нашарлауына, мүгедектікке байланысты өтініштерді қарау кезінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің сапасын растау қажеттілігі;
2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде шарттық міндеттемелер шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтердің (көмектің) көлемі мен сапасына ағымдағы (жоспарлы), жоспардан тыс, проактивті, нысаналы, медициналық-экономикалық, қайтыс болу және өлім жағдайларының мониторингін жүргізу жағдайларында тартады.
9. Жеке немесе заңды тұлғалар азаматтық-құқықтық шарттарда айқындалатын негіздер мен шарттар бойынша тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тартады.
Тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандардың сараптама жүргізу орнына бармай сараптама жүргізу ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оның ішінде сараптаманы жүзеге асыру үшін қажетті медициналық және өзге де құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсына отырып қашықтан жүргізіледі.
11. Тәуелсіз сарапшыларды тарту кезінде мемлекеттік орган «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісімен шарт жасасады.
12. Қор, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту кезінде тікелей тәуелсіз сарапшымен немесе аккредиттелген денсаулық сақтаудың субъектісімен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасады.
3) мемлекеттік органға күнтізбелік бір жылдың ішінде тәуелсіз сарапшының сараптама сапасына медициналық қызмет (көмек) саласындағы апелляциялық комиссияның қорытындысының нәтижесімен мемлекеттік органның шешімімен расталған бір және одан да көп негізделген өтініштер болса сараптама жүргізу үшін тартылмайды.
3-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізуге тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту кезінде қойылатын біліктілік талаптары
14. Бейінді мамандар мынадай талаптарға сәйкес болған кезде медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге жіберіледі:
1) жоғары медициналық білімі туралы дипломның болуы (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);
2) мәлімделген мамандығы бойынша кемінде 7 жыл үздіксіз еңбек өтілінің болуын растайтын құжаттың болуы (еңбек кітапшасы не Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес өзге құжат), сондай-ақ сараптама жүргізу кезінде мәлімделген мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру қажет, кемінде 7 жыл жұмыс өтілі бар медициналық жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын қоспағанда;
3) «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейлерін беру және растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) сәйкес біліктіліктің салалық негіздемесіне сәйкес біліктілік деңгейі 7.2 R-ден төмен емес, ал амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін қызметкерлер үшін 7.2I-дан төмен емес көрсете отырып, тиісті мамандық/мамандану бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты немесе бірінші және (немесе) жоғары біліктілік санатын беру туралы куәлік;
4) мемлекеттік органға күнтізбелік бір жылдың ішінде тәуелсіз сарапшының сараптама сапасына медициналық қызмет (көмек) саласындағы апелляциялық комиссияның қорытындысының нәтижесімен мемлекеттік органның шешімімен расталған бір және одан да көп негізделген өтініштердің болмауы.
15. Тәуелсіз сарапшылар мынадай талаптарға сәйкес болған кезде медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге жіберіледі:
1) жоғары медициналық білімі туралы дипломның болуы (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);
2) мәлімделген мамандығы бойынша кемінде 7 жыл үздіксіз еңбек өтілінің болуын растайтын құжаттың болуы (еңбек кітапшасы не Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес өзге құжат), сондай-ақ сараптама жүргізу кезінде мәлімделген мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру қажет, кемінде 7 жыл жұмыс өтілі бар медициналық жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын қоспағанда;
3) «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейлерін беру және растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) сәйкес біліктіліктің салалық негіздемесіне сәйкес біліктілік деңгейі 7.2 R-ден төмен емес, ал амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін қызметкерлер үшін 7.2I-дан төмен емес көрсете отырып, тиісті мамандық/мамандану бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты немесе бірінші және (немесе) жоғары біліктілік санатын беру туралы куәлік;
4) тәуелсіз сараптама жүргізу мәселелері бойынша жалпы көлемі 4 кредиттен кем емес (120 сағат) болатын соңғы 5 жылда қосымша және бейресми білім алудан өткенін растайтын құжатының болуы;
5) мемлекеттік органға күнтізбелік бір жылдың ішінде тәуелсіз сарапшының сараптама сапасына медициналық қызмет (көмек) саласындағы апелляциялық комиссияның қорытындысының нәтижесімен мемлекеттік органның шешімімен расталған бір және одан да көп негізделген өтініштер болмауы.
16. Тәуелсіз сарапшы немесе бейінді маман «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына сәйкес оның мамандығын ескере отырып, сараптамаға тартылады.