Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы
 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсан №524 бұйрығы
Редакция 24.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құрамы;
2) осы бұйрыққа 2- қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3- қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол койылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы мнннстрі Ө. Шөкеев
Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің
 орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл
 шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі
 № 524 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы
Осы Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 28.12.2020 жылғы № 409 Бұйрығына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 24.05.2023 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (28.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)

Рүстем Жомартұлы Құрманов

- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төраға;

Тұрар Жұмабайұлы Мұхамеджанов

- Қаржы құралдары және микрокредит беру департаментінің директоры, төрағаның орынбасары;

Ербол Еркінұлы Есенеев

- «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы» басқармасының төрағасы орынбасарының м.а.;

Виктор Сергеевич Асланов

- «Қазақстан егіншілер одағы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;

Серік Нарсұлтанұлы Ыбыраев

- «Агросақтандыру ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;

Талғат Мәлікұлы Берекешев

- «Қазақстан ет өңдеу кәсіпорындары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Байқау кеңесінің төрағасы;

Мұратбек Айбекұлы Исабаев

- «Қазақстанның астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің Атқарушы директоры;

Қайрат Әлембайұлы Маишев

- «Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы» одақ түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің президенті;

Әліби Каһарманұлы Сұлтан

- «Қазақстандық автокәсіпкерлік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі директоры;

Зейнолла Сайфидинұлы Абдуманапов

- «KazGrain» ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Басқарма төрағасы;

Дәурен Әсетұлы Катранов

- «Солтүстік Қазақстанның Қарапайым заттар экономикасы» қауымдастығы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы;

Өмірбек Құрманғалиүлы Көшекбаев

- «Қазақстанның Фермерлер қауымдастығы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер бірлестігінің Басқарма төрағасының орынбасары;

Евгений Альбертович Ган

- «Қазақстан астықты кайта өндеушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің Құрылтайшылар кеңесінің төрағасы

Николай Владимирович Радостовец

- «Қазақстанның тауар өндірушілері және экспортқа шығарушылары одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің президенті;

Гүлназ Қынабылқызы Бисенова

- «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Экология департаментінің директоры;

Манира Аманкелдіқызы Алагуджаева

- «КА2ЛҮАТЕК» су пайдаланушылардың, тұтынушылардың және көліктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің сарапшысы;

Марина

Дүйсенғалиқызы

Сабралиева

- «Қазақстан тағам кәсіпорындары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің Атқарушы директоры;

Жанат Хамитүлы Өскенов

- «Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіптік палатасы» заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры;

Леонид Леонидович Лян

-«Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің ұлттық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

Азамат Қуандықұлы Сағынбаев

- Ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдарының республикалық палатасының (голштин, қара-ала, қырдың қызыл, холмогор, әулиеата, симментал, алатау, швиц, бестужев, монбельярд) атқарушы директоры;

Темірлан Амантайұлы Жакыпбеков

- «Ваstama» бизнеске реттеушілік және салықтық әсерді бағалау институты қауымдастығы» заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер бірлестігінің президенті;

Полат Йсмаилович Юсупов

- «Қазақ Мақта Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;

Айжан Абақанқызы Наурызғалиева

- «Қазақстандық қант, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті;

Диана Витальевна Қалкаманова

- Қаржы құралдары және микрокредит беру департаментінің қаржы құралдары басқармасының бас сарапшысы, хатшы.

Қазақстан Республикасы
 Премьер-Министрінің орынбасары -
 Қазақстан Республикасы
 Ауыл шарушылығы министрінің
 2017 жылғы 29.12 №524
 бұйрығына 2 - қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже
  1. Осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 64-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережеге сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесті (бұдан әрі - сараптамалық кеңес) қалыптастырудың және олардың қызметінің тәртібін айқындайды.
  1) кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазакстан Республикасы халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптама қорытындыларын алу;
  2) кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;
  3) кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін құрылған консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
  3. Сараптамалық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Кодекске, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады және мынадай функцияларды атқарады:
  1) Министрлік әзірлеген және мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, Министрліктің ресми интернет-ресурсын коса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жарияланғаннан (таратылғаннан) кейін ұсынған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларын (бұдан әрі - жоба) қарайды;
  2) көрсетілген жобаларға сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын жинақтауды жүзеге асырады;
  3) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында Министрліктің қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлейді.
 2. Сараптамалық кеңестерді қалыптастыру тәртібі
    4. Сараптамалық кеңестің құрамы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі - Ұлттық палата), заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ Министрліктің өкілдерінен қалыптастырылады.
   5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мен коммерциялық емес ұйымдар мемлекеттік органдар жанындағы сараптамалық кеңестердің құрамына ұжымдық мүше ретінде кіреді және өкілеттігі сенімхатпен расталатын өз өкілі арқылы әрекет етеді.
   6. Сараптамалық кеңестің кұрылымы төрағадан, оның орынбасарынан, хатшысынан және кеңестің мүшелерінен тұрады.
3. Сараптамалық кеңестер қызметінің тәртібі
  1) сараптамалық кеңестің материалдарына қол жеткізе алады;
  2) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысады;
  - қаралатын жобалар бойынша сараптамалык кеңестің отырысын өткізуге;
  - Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелерді отырыстың күн тәртібіне енгізуге бастама жасай алады.
  4) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізе алады;
  5) сараптамалык кеңестің ішкі отырысын өткізуді талап ете алады.
  8. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы - Инвестициялық саясат департаменті сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдастырушылық- техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
  9. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы:
  1) сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;
  2) жобаларды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Ұлттық палатаға, коммерциялық емес ұйымдарға жібереді және/немесе оларды Министрліктің ресми интернет-ресурсына орналастырады;
  3) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін жобалар бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;
  4) сараптамалық кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді.
  10. Сараптамалық кеңестің төрағасы сараптамалық кеңестің жұмысына басшылықты жүзеге асырады, сараптамалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді, қажет болған жағдайда оның отырысын шақырады.
  Сараптамалық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасар орындайды.
  11. Сараптамалық кеңестің шешімдері Типтік Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама түрінде ресімделеді, оған төраға және хатшы қол қояды және ұсынымдық сипатта болады.
  Хатшы сараптамалық кеңестің мүшесі болып табылмайды және сараптамалық кеңес шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы болмайды.
  БҰл хаттама сараптамалық кеңес мүшелеріне жіберіледі және жобаға міндетті қосымша болып табылады.
  12. Сараптамалық кеңестің отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
  13. Жобаларды қарауды сараптамалық кеңес осы Ереженің 15-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, оны отырыс өткізбестен сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберу арқылы жүзеге асыруы мүмкін.
  14. Егер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе Министрліктің құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптамалық кеңестің қарауына шығарылуы мүмкін.
  15. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, Ұлттық палата мүшелерінің жинақталған пікірін білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және жоба қабылданғанға дейін оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде жобаға міндетті қосымша болып табылады.
  Сараптамалық қорытындылар қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
  16. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Ұлттық палата жоба бойынша ескертулері бар сараптамалық қорытынды берген және сараптамалық кеңес мүшесі сараптамалық кеңес отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда, мұндай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.
  Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шакыру не нақты уақыт режимінде интернет-конференция арқылы өткізілуі мүмкін.
  17. Министрлік сараптамалық қорытындымен келіскен жағдайда, жобаға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
  Министрлік сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Ұлттық палатаға келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді. Негіздемесі бар мұндай жауаптар жоба қабылданғанға дейін оған міндетті қосымша болып табылады.
  Жобаға Кодекстің 65-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Министрлік белгілеген мерзімде сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда, жоба ескертусіз келісілді деп есептеледі.
 Қазақстан Республикасы
 Премьер-Министрінің орынбасары -
 Қазақстан Республикасы
 Ауыл шарушылығы министрінің
 2017 жылғы 29.12 №524
 бұйрығына 3 - қосымша
 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығы;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 10-1/159 бұйрығы;
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазакстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 10-1/212 бұйрығы;
4) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 10-1/507 бұйрығы;
5) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылгы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 10-1/539 бұйрығы;
6) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жоніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жылғы 17 мамырдағы № 11-1/230 бұйрығы;
7) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазакстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жылғы 5 шілдедегі № 20/311 бұйрығы;
8) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазакстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-2/416 бұйрығы;
9) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 10-2/636 бұйрығы;
10) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бүйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жылғы 20 маусымдағы № 9-2/315 бұйрығы;
11) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жылғы 10 қыркүйектегі № 9-2/816 бұйрығы;
12) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 8 қаңтардағы № № 2 бұйрығы.
Полная версия
ИС BestProfi