Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.09.2015
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 Қаулысы
Атау өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 жылғы № 566 Қаулысымен (27.02.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес
«Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.03.2015 жылғы № 18-04/245 Бұйрығын қараңыз
Редакция 26.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:  
1) Балық шаруашылығы су айдындарын жене (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу туралы ереже;
2) Балық шаруашылығы су айдындарын (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 жылғы № 566 Қаулысымен (27.02.2006 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қарашадан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметінiң
 2005 жылғы 4 ақпандағы
 N 102 қаулысымен
 бекiтiлген
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 жылғы № 566 Қаулысымен (27.02.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесі
1. Осы Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесі (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" және 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсты (бұдан әрі — Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
2. Конкурс өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына оларға бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру болып табылады.
3. Осы Ереженің әрекеті мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.08.2013 жылғы № 825 Қаулысымен (01.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.06.2014 жылғы № 702 Қаулысына сәйкес (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі;
2) ведомство - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;
3) аумақтық бөлімшелер - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері;
Полная версия
ИС BestProfi