Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6 Нормативтік қаулысы
Редакция 11.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне және сот тәжірибесін одан әрі қалыптастыру қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
I. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Жоғарғы Сотының 31.05.2019 жылғы № 2 Нормативтік қаулысына сәйкес (08.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге:
бірінші абзацта «бірінші сатыдағы соттың іс жөніндегі іс-әрекетінің қажетті бөлігі болып табылады» деген сөздер «бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізу сатысындағы міндетті бөлігі болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта «судьялар» деген сөз «судья» деген сөзбен, «ескерулері қажет» деген сөздер «ескеруге міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзац «әр іс бойынша» деген сөздерден кейін «, оның ішінде соттылығы бойынша басқа соттардан келіп түскен істер бойынша да» деген сөздермен толықтырылсын»;
екінші абзацта «апелляциялық» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«АІЖК-нің 345 және 348-баптарының талаптарын ескере келе апелляциялық сатыдағы судья АІЖК-нің 170-бабына сәйкес өткізілуге тиіс нақты іс-әрекеттерді көрсете отырып істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығаруға міндетті. Іс апелляциялық сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберіле отырып, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың іс бойынша бұрын шығарған сот актілерінің күші кассациялық немесе қадағалау тәртібімен жойылған кезде де апелляциялық сатыдағы судья істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығарады.»;
3) 5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«АІЖК-нің 49-бабының 2-бөлігі бойынша тараптар медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен дауды аяқтай алады. Осыған байланысты соттар «Медиация туралы» Заңға сәйкес медиация рәсімінің қолданылуы мүмкін даулар бойынша медиацияға құқықты түсіндіруге тиіс.»;
мәтін бойынша «бітімгершілік келісімін», «бітімгершілік келісімнің» деген сөздерден кейін тиісінше «, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді», «, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіткен кезде төленген мемлекеттік баждың «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс екендігін назарда ұстау қажет.»;
бірінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
«Талапкер қосымша талаптар қою құқығын іске асыруды, ал жауапкер істі соттың қарауына әзірлеудің АІЖК-нің 167-бабында көрсетілген мерзімдері шегінде, істі сотта қарау тағайындалғанға дейін қосымша талаптар қою құқығын іске асыра алады. Бұл ретте қосымша талаптар, қарсы талап қою АІЖК-нің 167-бабында көрсетілген істі соттың қарауына әзірлеудің іс жүргізу мерзімінің өтуін тоқтатпайтынын және оны ұзарту үшін негіз болып табылмайтынын ескеру қажет. Талапкердің істі апелляциялық сатыда қарау сатысында осындай қосымша талаптар қою құкығы көзделмеген.»;
екінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Егер АІЖК-нің 366-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасында баяндалған негіздер апелляциялық сатыдағы соттың сот шешімінің күшін жоюына негіз болған және жауапкер бірінші сатыдағы сотта қарсы талап қою мүмкіндігінен айрылған жағдайда оларға осындай талап АІЖК-нің 345-бабының ережелері ескеріле отырып талап қою шегінде апелляциялық қарау сатысында қойылуы мүмкін.»;
екінші абзацта «бітімгершілік келісімін» деген сөзден кейін «, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселені істі өзінің өндірісіне қабылдау кезінде шешсе, сондай-ақ АІЖК-нің 53-бабы бойынша үшінші тұлғаларды тарту қажет болған өзге де жағдайларда, шағымның, наразылықтың дәлелдеріне қарамастан бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылуға тиіс екендігін регламенттейтін АІЖК-нің 366-бабы 1-бөлігінің 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған жағдайда, істі әзірлеу мақсатында апелляциялық сатыдағы сот заңдылық мүддесі үшін істі апелляциялық сатыда қарау сатысында үшінші тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл ретте істі әзірлеу АІЖК-нің 345-бабында белгіленген шекте жүргізілуге тиіс»;
       екінші абзацтың г) тармақшасында «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68» деген сөздер «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 76» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта «Судья» деген сөз «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 15-тармақта қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады;
9) 16-тармақта «судья» деген сөз «сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 17-тармақта «судья» деген сөз «сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бітімгершілік келісім шарттарын» деген сөздерден кейін «, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен толықтырылсын;
«жасалмайды» деген сөзден кейін «, бірақ соттың қалауы бойынша немесе іске қатысатын адамдардың өтініші бойынша жасалуы мүмкін» деген сөздермен толықтырылсын;
«жеті күннен» деген сөз «жеті жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) мынадай мазмұндағы 24-тармақпен толықтырылсын:
«24. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.».
5. «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» 2002 жылғы 28 маусымдағы № 13 нормативтік қаулыға:
1) 12-тармақта «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы» деген сөздер «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 49-бабы » деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы № 5, 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 12, 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 19, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен бірге:
бірінші абзацта «қысқаша (қысқартылған) шешімге» деген сөздер «сот шешіміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ол шығарылған күннен бастап, ал дәлелді шешімге - осындай шешім шығарылған күннен бастап» деген сөздер «сот шығарған шешімнің көшірмесі тапсырылған күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 25-тармақта бірінші абзацта «істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жібермей-ақ,» деген сөздер алып тасталсын;
бірінші абзацта «істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына бермей-ақ,» деген сөздер алып тасталсын;
бүкіл мәтін бойынша «апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына» деген сөздер «бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулылары мен ұйғарымдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта «апелляциялық сатыдағы сот өзінің қаулысымен немесе ұйғарымымен» деген сөздер «соттар» деген сөзбен, «мәселені шешсе» деген сөздер «шешім, қаулы немесе ұйғарым шығарса» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«АІЖК-нің 385-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген шешімі, ұйғарымы, қаулысы оларға шағым берудің кассациялық тәртібі сақталған жағдайда, тараптар және олардың өкілдері, іске қатысушы басқа да адамдар берген өтініштер бойынша сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.»;
екінші сөйлемде «үшінші» деген сөз «екінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
«екінші» деген сөз «үшінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
7. «Сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2, 2009 жылғы 29 маусымдағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен бірге:
«7. АІЖК-нің 221-бабына сәйкес, дауды мәні бойынша шешу кезінде сот кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұратын шешім шығарады, олардың мазмұны осы баптың 3-6-бөліктерінде көзделген талаптарға сай келуге тиіс.
Шешімнің дәлелдеу бөлігінде дәлелдемелер олардың толық мазмұны ашылмай-ақ баяндалуы мүмкін.
АІЖК-нің 229-бабы бойынша, іс қаралғаннан кейін шешім, соның ішінде сырттай шешім дереу шығарылады. Дәлелді шешім әзірлеу бес күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ шешімнің қарар бөлігін сот істі қарау аяқталған сол отырыста жария етуге тиіс. Шешімнің жария етілген қарар бөлігіне судья қол қоюға және іс материалдарына қоса тіркелуге әрі дәлелді шешімнің қарар бөлігіне сәйкес келуге тиіс»;
3) 16-тармақта «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 3-тармағы, 71-бабының 5-тармағы» деген сөздер «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 3-тармағы, 79-бабының 5-тармағы » деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 20-тармақта «Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы» деген сөздер «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы » деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ күшін жойды ҚР Жоғарғы Сотының 08.12.2017 жылғы № 12 Нормативтік қаулысына сәйкес (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.01.2018 жылы № 10 (29241) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11. «Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы» 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге:
12. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ күшін жойды ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 1 Нормативтік қаулысымен (25.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13. «Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару тәжірибесі туралы» 2010 жылғы 25 маусымдағы № 1 нормативтік қаулыға:
1) 12-тармақта «және 2-бабының 3-1-тармағына» деген сөздер алып тасталсын;
II. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жоғарғы Сотының Төрағасы                          Б. Бекназаров
Жоғарғы Сотының судьясы,         жалпы отырыс хатшысы                                 Д. Нұралин
Полная версия
ИС BestProfi