1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 18.08.2011
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы N 4 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5643 болып енгізілді.
Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 18.08.2011 № 2-НП бұйрығымен (28.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 28.11.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
2. Мыналардың:
1) "Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 57 қаулысының (2006 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4415 болып енгізілді);
2) "Республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 1 қаулысының (2008 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5124 болып енгізілді) күші жойылды деп танылсын.
3. Есеп комитетінің аппарат басшысы Сыздықов Е.Қ. бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға О. Өксікбаев
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы N 4 қаулысымен бекітілген
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеге, Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына (бұдан әрі – Стандарттар) сәйкес әзірленген.
2. Ереже сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау, жүргізу, оның нәтижелерін ресімдеу, оның қорытындысы бойынша шешім шығару және бақылаудың қорытындысы бойынша бақылау материалдарының сапасына талдау жүргізу, оларды есепке алу, олардың есептілігі, орындалуын бақылау тәртібін айқындайды.
2-тармақ өзгертілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.11.2010 № 37-Қ қаулысымен (04.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды (бұдан әрі – бақылау) бюджеттің тиісті деңгейіне қарай мемлекеттік басқарудың республикалық және жергілікті деңгейінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) мен жергілікті бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган (бұдан әрі – бақылау органы) жүзеге асырады.
4. Бақылау қаржылық бұзушылықтарды анықтау, жою және олардың алдын алу мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттердің, мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк және бюджеттiк бағдарламалардың, аумақты дамыту бағдарламаларының, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының атқарылуын, бюджет процесiне қатысушылардың, оның ішінде квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң, сондай-ақ басқа да бюджет қаражатын алушылардың, байланысты гранттарды, мемлекет активтерiн, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, бюджеттiк инвестицияларды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi – бақылау объектiлерi) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңдарын сақтауын мониторингі жүргізу, салыстыру, бағалау және талдау жүйесiн бiлдiредi.
Бұл ретте квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi деп мемлекеттiк кәсiпорындар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер, акционерлік қоғамдар, соның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, олармен аффилиирленген еншілес, бағынысты және өзге де заңды тұлғалар ұғынылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 28.11.2010 № 37-Қ (04.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Бақылау жүргізуге тартылған Есеп комитетінің төрағасы мен мүшелері, жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың басшылары, Есеп комитетінің, жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың аппараттарының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандары және сарапшылар осы Ережені басшылыққа алады.
2. Бақылаудың үлгілері мен түрлері
6. Бақылау үлгілері:
Полная версия